• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Межесіне тақағанда билік жанармай бағасына мораторий жариялай салды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
17.10.2025
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек
Share on FacebookShare on Twitter

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізілетініне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұған қоса үкімет «экономикалық реформалардың жағымсыз салдарын азайту үшін» шұғыл шаралар қабылдайтынын мәлімдеді. Арасында ипотекалық несие бөлуді ұлғайту, жанармай бағасын, коммуналдық төлем тарифтерін көтеруге мораторий, көлікті лизингке алу механизмі және салық режиміне қатысты шаралар бар.

Үкімет 16 қазаннан бастап «инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін» АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізді. Премьер-министр тиісті органдарға мұның орындалуын қадағалауды тапсырды.

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов «электр энергиясы мен жылу тарифтерінің бағасын өсірмеу мәселесін қарастырып жатқанын» айтты. Ол үшін «осы салада істеп жатқан мекемелердің барлық шығындарын оңтайландыруды ойластырып жатырмыз» деді вице-министр.

Бұған қоса үкімет коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруді 2026 жылдың І тоқсанының соңына дейін тоқтатуға тапсырма берді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу үшін арнайы «тұрақтандыру қорларын қаржыландыру екі есе ұлғаяды». Сауда және интеграция министрі «бағаны көтеріп жіберетін делдалдарды алып тастайтынын», «өңірлерге сиыр етін жеткізуді ұйымдастыртынын» мәлімдеді. Бұған қоса бүгін сиыр еті бағасының өсуі тоқтағаны да хабарланған.

Бұдан бөлек Қазақстан үкіметі оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануға салынатын «басы артық шектеулерді алып тастайтынын», салық бойынша тексеру жүргізуге тыйым салатынын, салық берешегі қарызы үшін айыппұл болмайтынын мәлімдеді.

Үкімет мемлекеттік бағдарламамен берілетін ипотекалық несие көлемін «екі есе ұлғайтатынын», «Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламалары арқылы несиелеу көлемін 500 млрд теңгеге дейін арттыратынын хабарлады. Мұнымен бірге үкімет азаматтардың автокөлікті лизингке алу механизмін енгізбек.

10 қазанда Қазақстан Ұлттық банкі «инфляцияны тежеу мақсатында» базалық мөлшерлемені 16,5 пайыздан 18 пайызға дейін бірден көтерді. Қыркүйекте жылдық инфляция 12,9 пайызға жетіп, болжаған деңгейден асып түскен. Сарапшылар Қазақстанда қымбатшылық өршіп тұрғанда жаңа жылдан енгізілетін салық кодексі әлеуметтік шиеленісті ушықтырады деген.

Жыл басында сол кездегі энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АИ — 92 бензинінің бағасы бір жарым есе өсуі мүмкін екенін айтқан. Сол кезде шамамен әр литрі 205 теңгеге сатылған бензиннің бұл маркасының бағасы қазір 240 теңгеден асты. АИ — 95 маркалы бензин бағасы 305 теңгеден асса, дизель отыны 333 теңгеден сатылып жатыр.

Келесі
«Шымбұлақ» ТМД арасында «Ең үздік тау-шаңғы кешені» аталымында жеңімпаз атанды

"Шымбұлақ" ТМД арасында «Ең үздік тау-шаңғы кешені» аталымында жеңімпаз атанды

Соңғы жазбалар

Қазақ мұнайын экспорттаудың балама жолдары іздестіріліп жатыр. Ресми өкіл не деді?

Қазақ мұнайын экспорттаудың балама жолдары іздестіріліп жатыр. Ресми өкіл не деді?

10 августа, 2026
Еленбеген экология. Қазақстан айыппұлдан кейін тағы да «Теңізшевройлға» талап қойды

Еленбеген экология. Қазақстан айыппұлдан кейін тағы да «Теңізшевройлға» талап қойды

7 августа, 2026
Сатыбалды әулетінің меншігінде болған базар ақыры сатылды. Жаңа иесі аталмады

Сатыбалды әулетінің меншігінде болған базар ақыры сатылды. Жаңа иесі аталмады

7 августа, 2026
КҚК-дегі танкер тапшылығы және дроннан қауіп. Қазақ мұнайын жөнелту тағы да іркілді

КҚК-дегі танкер тапшылығы және дроннан қауіп. Қазақ мұнайын жөнелту тағы да іркілді

6 августа, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Екі жарым жылға қамау, үш жарым жылдық тыйым. Белсенді тағы да сотталды

6 августа, 2026
Сотта үкім оқылды. Думан Мұхаммедкәрім прокурор сұраған 7 жылға кесілді

«Батарейка мен оттық жұтқан». Думан Мұхаммедкәрімнің түрмедегі ахуалы алаңдатады

5 августа, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.