• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Митингіні қуып таратушы полицей Жамбылдағы қызметінен де босады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
23.09.2025
Митингіні қуып таратушы полицей Жамбылдағы қызметінен де босады
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облыстық полиция департаментінің басшысы Бақытжан Малыбаев осы қызметке тағайындалғанына жыл толғанда жұмыстан кетті.

Orda.kz сайтының дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауы бойынша, аймақтағы полицей басшының отставкаға кетуін президент әкімшілігі бақылауда ұстаған. Оның кетуі туралы сыбыс тамыз айынан бері тарап жүрген.

Жамбыл облысының полиция бастығының қызметтен кетуіне оның орынбасары Жайдарбек Құттыбаевтың ұсталғаны себеп болуы мүмкін. Биылғы 30 тамызда ұсталған ол алаяқтық жасады деп айыпталуда. Сонымен қатар, Малыбаевтың тұсында қоғамдық тәртіп нашарлады. Мысалы, жол апаты, кісі өлтіру және зорлау саны күрт өсті, профилактика шаралары сәтсіз болды, тергеушілердің жұмысына шағымдар түсті. Сонымен қатар, Малыбаев тергеліп жатқан орынбасары Құттыбаевты қолдаған, бұл да оның беделіне нұқсан келтірді.

Осы оқиғалар аясында Малыбаевтың қызметтен кету туралы рапорт жазғаны хабарланған.

Бақытжан Малыбаев бұл қызметінен бұрын Көліктегі полиция департаментінің бастығы болған. Одан алдын Астана полициясындағы әртүрлі қызметі кезінде бейбіт митингілерді күштеп таратып, ақпарат бермеуімен танылған еді. Ол былтыр қыркүйекте Жамбыл облысы полициясы департаментінің басшысы болып тағайындалған. Енді ол тағайындалған уақытында қызметінен кетіп отырған жайы бар.

Келесі
Қилы кезең: Жон арқадан ұрылған пышақ

Қилы кезең: Жон арқадан ұрылған пышақ

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.