• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Грекия, яхта, өрт. Қазақстандық рантье Ресей паспортынан бас тартты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
12.07.2024
Грекия, яхта, өрт. Қазақстандық рантье Ресей паспортынан бас тартты
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстандағы бай рантье адам Айдан Сүлейменова Ресей паспортынан бас тартты. Бұл туралы Tengrinews хабарлады.

11 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин «Ресей азаматтығына қабылдау және Ресей азаматтығынан шығу туралы» жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Айдан Сүлейменова ресейлік паспорттан бас тарту туралы өтініш берген.

Айдан Сүлейменова – Қазақстанның тұңғыш cыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменовтің қызы және қазақстандық кәсіпкер Данияр Әбілғазиннің әйелі.

Forbes мәліметінше, Сүлейменова ADD Invest Properties компаниясының иесі болып табылады, осы арқылы ол ерлі-зайыпты Құлыбаевтармен бірге астаналық Keruen City сауда орталығы мен Talan Gallery сауда орталығына иелік етеді және Keruen City сауда орталығындағы үлеске ие. Серіктестік қоржынында Ақтөбедегі Keruen City сауда орталығының 50 пайызы да бар. Айдан Сүлейменова «Аяла» қайырымдылық қорын да басқарады.

2023 жылдың соңында Сүлейменова 4,3 миллиард теңге табыспен ең табысты рантье рейтингінде сегізінші орынды иеленген.

Рантье деп — несиеге берілген ақша капиталынан немесе бағалы қағаздардан түскен табыспен өмір сүретін адамдарды айтады.

Бұған дейін олигарх Данияр Әбілғазин мен әйелі Айдан Сүлейменованың Грекияда яхта жалға алғанын белгілі болған еді.

21 маусымда яхта экипажы Гидра аралындағы өртке байланысты ұсталған. Белгілі болғандай, туристер жалдамалы яхтада отшашу атқан. Салдарынан қарағайлы орман өртке оранған болатын. Арал мэрі Джоргос Кукулаки шетелдіктерді сотқа беретінін мәлімдеді. Күдіктілердің арасында қазақстандық кәсіпкер мен оның әйелі де болған. Алайда Әбілғазин мәлімдеме жасап, өртке қатысы жоқтығын айтты.

Келесі
Журналист қазасы. Болат Рысқожаны ақтық сапарға шығарып салды

Журналист қазасы. Болат Рысқожаны ақтық сапарға шығарып салды

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.