• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Журналист қазасы. Болат Рысқожаны ақтық сапарға шығарып салды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
12.07.2024
Журналист қазасы. Болат Рысқожаны ақтық сапарға шығарып салды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін, 12 шілдеде Алматыда журналист, Қазақстанның жаңа тарихын зерттеуші Болат Рысқожаның жаназасы өтті. Ол 10 шілдеде Алматыда қайтыс болды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, ол микроинсульт алған. Журналист келесі жылы қаңтарда 70 жасқа толар еді.

Болат Рысқожа Қазақстандағы жетекші оппозициялық журналистердің бірі болды. Әр жылдары түрлі оппозиция басылымдарында істеді, телеарнада продюсер қызметін атқарды.

1990 жылдың соңы мен 2000 жылдардың басында әуелі «XXI век», кейін «Свобода слова» басылымдарында тілші болды.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының Қазақ қызметінің жетекші журналисті болды.

Зейнетке шыққаннан кейін жекелеген жобалармен айналысты, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған видеожоба түсірді.

Болат Рысқожа журналистикаға инженерлік біліммен келген.

«Бүгін, 12 шілдеде қадірлі досымыз, ағамыз Болат Рысқожаны ақтық сапарға шығарып салып отырмыз. Ажал айтып келмейді», — деді Болат Рысқожамен бірге «Свобода слова» газетінде әріптес болған, Қазақстанның ардагер оппозициялық журналисі Алмат Азади Азаттыққа берген қысқаша пікірінде. Оның сөзінше, Рысқожа екеуі келер жылы 70 жылдық мерейтойды атап өту жағын ойластырып жоспарлаған.

Болат Рысқожа қаланың Солтүстік айналма жолына жақын «Қарасу» зиратына жерленді. 

Келесі
Көктен түскен Олжас Бектенов. Улан(ба)ған Ермұрат Бәпи

Көктен түскен Олжас Бектенов. Улан(ба)ған Ермұрат Бәпи

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.