• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Айдос Садықовтың ісі. Киевте айтылған мәліметті Астана жоққа шығарды 

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
21 июня, 2024
Басты бет Әділет
Share on FacebookShare on Twitter

Украина астанасында қастандыққа ұшыраған қазақстандық журналист Айдос Садықовты өлтіруі мүмкін күдіктілердің есімі аталды. Оның біреуі Қазақстан полициясында қызмет атқарған адам екені айтылады. Бірақ оны Қазақстанның ішкі істер министрлігі жоққа шығарып, мәлімдеме жасады. 

Киевте тұратын журналист Айдос Садықовты 18 маусым күні үйінің жанында көліктің ішінде әлдебіреулер атып кеткен болатын.

Ол қазір ауруханада жатыр, жағдайының өте ауыр екені айтылады.

Айдос Садықовтың әйелі Наталья Садықованың  айтуынша, Украина полициясы осы қылмысқа қатысы бар адамдарды тапқан. 

Олар — 33 жастағы Мейрам Қаратаев пен 36 жастағы Алтай Жақанбаев. Екеуі 2 маусымда Киевке келіп, пәтер жалдап тұрған. 

Айтуынша, Мейрам Қаратаев — Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкері. 

Дегенмен бүгін ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

— Азамат М.Қаратаевқа қатысты оның 2019 жылдың қаңтар айында ішкі істер органдарынан босатылғанын және қазіргі уақытта полиция қызметкері емес екенін хабарлаймыз. Қазір біз Мемлекет басшысының тапсырмасымен істің бүкіл мән-жайын анықтау үшін тиісті жедел іс-шаралар жүргізіп жатырмыз, — деп хабарлаған ведомстводан.

18 маусымда Украина астанасы Киевте белгісіз біреу қазақстандық журналист, оппозициялық белсенді, Youtube желісіндегі «Бәсе» каналының авторы Айдос Садықовты үйінің маңында көлігінде отырған кезде атып кеткен. Айдостың қасында болған әйелі Наталья Садықова зардап шекпеген. Украина бас прокуратурасы Қазақстан азаматына «қасақана өлтіру мақсатында қастандық жасау» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалын бастағанын мәлімдеген.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Айдос Садықовтың ісі. Берік Уәлиден соң депутат Бапи де қастандыққа үшінші елді кінәлады

Айдос Садықовтың ісі. Берік Уәлиден соң депутат Бапи де қастандыққа үшінші елді кінәлады

Соңғы жазбалар

Кейбір жастар ғаламторда неше түрлі өсек жаза бастады — Президент

Кейбір жастар ғаламторда неше түрлі өсек жаза бастады — Президент

27 сентября, 2025

26 сентября, 2025
«Ұсталғаны» айтылып, жоққа шығарылған министрдің кездесу өткізгені хабарланды

Президент «ұсталған» министрін Ақордаға алдыртты

26 сентября, 2025
Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

26 сентября, 2025
Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

24 сентября, 2025
Қилы кезең: Жон арқадан ұрылған пышақ

Қилы кезең: Жон арқадан ұрылған пышақ

26 сентября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.