• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Айдос Садықовтың ісі. Берік Уәлиден соң депутат Бапи де қастандыққа үшінші елді кінәлады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
21.06.2024
Айдос Садықовтың ісі. Берік Уәлиден соң депутат Бапи де қастандыққа үшінші елді кінәлады
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Youtube желісіндегі «Бәсе» каналының авторы Киевте қастандыққа ұшыраған Айдос Садықовқа жасалған шабуылға үшінші елдерді кінәлап отыр. Бұл туралы 20 маусымда Orda.kz хабарлады

Киевте тұратын журналист Айдос Садықовты 18 маусым күні үйінің жанында көліктің ішінде әлдебіреулер атып кеткен болатын.

Ол қазір ауруханада жатыр, жағдайының өте ауыр екені айтылады.

Ал депутат Ермұрат Бапи оппозициялық журналистке жасалған қастандықты үшінші елдер ұйымдастыруы мүмкін деп санайды.

«Болған оқиға қорқынышты. Тапа-тал түсте адамға шабуыл жасалды. Бұл жерде әлдебір саяси астар жатқан сияқты. Бізді бір-бірімізге қарсы қоюды мақсат еткен үшінші елдердің қатысы бар шығар. Мен Айдосты жақсы білемін. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалғанда біз оны қолдап, сұхбатын жарияладық. Мен Наталья Садықованы да білемін. Қалай болғанда да, «Бәсе» оппозициялық ақпараттық ресурс болып табылады. Дегенмен бұл ресурс саясатты өзгерту немесе елдің ішкі істеріне араласу мақсатын көздемейді», — дейді депутат.

Журналистің әйелі Наталья Садықова оқиғаға Қазақстан билігін кінәлаған болатын. Бірақ депутат Бапи онымен келіспейді.

«Биліктің бұған еш қатысы жоқ. Не үшін? Мемлекет әсіресе халықаралық деңгейде арандатушылық тудыруға мүдделі емес. Айдос саясаткер емес, журналист. Ал үшінші күштер Қазақстан мен кейбір мемлекеттер арасында жанжал шығарғысы келіп, қастандық ұйымдастырды», — дейді Ермұрат Бапи.

Депутат осы айтқан сөздеріне дәлел келтіріп, неге сүйенгенін айшықтамаған.

Бұдан алдын Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Ел басшылығының стратегиялық бағытын, оның ішінде сыртқы саясат саласында Қазақстанның атына қысым жасауға тиімді пайдаланатын күштер бар» деп болжап тастаған болатын.

 Ал президент Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте жасалған қастандық  жайында «дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы осы оқыс оқиға бойынша Украина тарапына ресми сұрату жіберу туралы нақты тапсырма бергенін, қажет болған жағдайда Қазақстанның ресми органдары істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын» екенін мәлімдеген.

Келесі
Айдос Садықовтың ісі. Берік Уәли президенттің күдіктілер мекенжайын табуды тапсырғанын айтты

Айдос Садықовтың ісі. Берік Уәли президенттің күдіктілер мекенжайын табуды тапсырғанын айтты

Соңғы жазбалар

Ол «иә» деді. «Әділет» бұрынғы билікшіл партиямен қосылуға келісім берді

Қазақ еліне +186 кандидат. Жаңа партия 145 орындық парламентке ұсынған үміткерлерімен үркітті

10 июля, 2026
Қазақстандық белсенді Мәскеуден қайтарылды

Жасылдардың жанжалы. «Байтақ» партиясы құрылтайға бір топ кандидат атады

9 июля, 2026
«Мәскеу көз жасына сенбейді». Қала 200 шамалы дрон нысанасына ұшырады

Министрлік Ресейге шабуылдың қазақ жерінен жасалу мүмкіндігін жоққа шығарды

8 июля, 2026
Туризмге — кедергі. Президент жол мен инфрақұрылымның нашарлығын енді көрді

Өз құқығы. Президент Тоқаевтың тағы да сайлауға түсе алатыны жарияланды

7 июля, 2026
Астана күні. Президент экс-президентті туған күнімен құттықтады

Астана күні. Президент экс-президентті туған күнімен құттықтады

6 июля, 2026
Президент Тоқаев қатысқан жиын. Еуроодақтағы басқосуда Қазақстандағы адам құқығы қозғалды

Президент Тоқаев қатысқан жиын. Еуроодақтағы басқосуда Қазақстандағы адам құқығы қозғалды

3 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.