7 қазанда жаңа парламентте 2 ай депутат болған Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Савельева 2026 жылғы тамыздан бастап құрылтай депутаты болып келген. Оған дейін 2023 жылғы наурыздан бастап ол мәжіліс депутаты, ал оның алдын қаржы министрінің орынбасары қызметін атқарған.
7 қазанда Татьяна Савельеваның тағайындалған орында қызмет атқарып келген Әскер Бейсенов лауазымынан босатылған. Бейсенов қорғаныс вице-министрі лауазымын 2023 жылдың сәуір айынан бастап атқарған.
Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі «Хазар қорғаны — 2026» әскери жаттығуы кезінде суға ағып кеткен 17 теңізшінің 14-і қаза тапты. Әуелде 19 адамның ағып кеткені, оның 9-ы қаза тапқаны хабарланған. Соңынан ағып кеткендер саны 17 деп түзетіліп, қаза болғандардың мәйіті табылып құрбандар саны ұлғайды. Үшеуі аман. 25 қыркүйекті президент жалпыұлттық аза тұту күні деп ресми жариялаған.







