Kazakhstan Today сайтында 16 жыл бұрын жарияланған, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиені Дана Медеуованы «жағымсыз қырынан» көрсеткен материал жоғалып кетті.
Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.
Мәліметке қарағанда, 2010 жылдың 22 желтоқсанында жарияланған «Ғылыми кадрларды даярлау жүйесінде сыбайлас жемқорлық кең таралған құбылысқа айналды — ғалым» атты мақалада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті Сағдат Әділбеков сол кездегі университеттің проректоры Дана Медеуованы «докторлық диссертациясын плагиатпен жасады» деп айыптады. Мақалада доценттің «ҚазҰПУ проректоры Дана Медеуованың «ғылыми карьерасы» күрделі сұрақ туғызады» деген сөзі келтірілген.
Сол кезде Әділбековтің мәлімдемесіне орай жоғары оқу орнының жауабы жарияланған.
Дана Медеуов соңғы сайланған құрылтай депутаты болғаннан бері президенттің жиені ретінде жиі көзге түсетін болды. Алайда ол өзіне қатысты айыилғандарға комментарии бермеген. 48 жастағы Дана Медеуова — президент Тоқаевтың туған қарындасы Қарлығаның қызы.







