• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақ президенті Германияда Путинді жақтады. Канцлер «әскери қылмысты» айыптады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
30.09.2026
Қазақ президенті Германияда Путинді жақтады. Канцлер «әскери қылмысты» айыптады
Share on FacebookShare on Twitter

29 қыркүйекте Германияға ресми сапармен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді «көрнекті мемлекет қайраткері» және Ресей басшылығына «ең оңтайлы саяси тұлға» деп сипаттады. Бұған қоса ол «Украина халқына, оның тарихына, мәдениеті мен дәстүріне, тіліне зор құрметпен қарайтынын» айтып, соғысты уақытша доғаруға шақырды.

Өзара кездесуден кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия канцлреі Фридрих Мерц БАҚ өкілдеріне брифинг берген.

Германиялық ARD телеарнасының тілшісі Демиан фон Остен Тоқаевқа оның биыл жазда Омбыда Путинмен кездескенде Украинадағы соғысты уақытша тоқтату жайлы айтқан ұсынысын еске салып, «содан бері соғыстағы жағдай өзгермеді, қазір осы жайлы оған не айтар едіңіз?»- деп сұрады.

«Бүгін мен Владимир Путин Ресей басшысы әрі мемлекет қайраткері ретінде Орталық Азия мен Еуропаға, оның ішінде Қазақстанға, жалпы тұтас әлемге оңтайлы саяси тұлға екенін анық айттым. Бұл Сізге тосын болса да, турасы сол. Мен оны өте жақсы білемін. Оның бойынан тарихы қым-қиғаш алып елдің басшысына тән қасиеттердің бәрі табылады. Ел алдында тұрған күрделі стратегиялық мақсаттарды өзінше түсінеді. Әрине, Украинадағы жағдай бәрімізді алаңдатады. Мен әуел бастан Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының ережелерін қатаң ұстанатынын айтқанмын. Біз барлық мемлекеттің аумақтық тұтастығы қағидатын сақтауға және құрметтеуге үндеп келеміз. Украина халқына, оның тарихына, мәдениеті мен дәстүріне, тіліне зор құрметпен қарайтынымызды бұрыннан айтып жүрміз. Мен соғысты дереу тоқтату туралы айтпадым. Қазіргі жағдайда мұның оңай емес екенін түсінемін. Менің меңзегенім: Украина аумағындағы әскери іс-қимылды уақытша доғарып, дипломатиялық процеске көшу немесе қандай да бір келіссөз бастау еді,» — деген Қазақстан президенті.

«Бұл мәселе бойынша жеке позициямды зор түсіністікпен қабылдағаны үшін президент Путинге ырзамын. Өйткені біздің бәріміз, мемлекеттер жетекшілері, оның ішінде Ресей президенті де бар, Украинадағы соғыс қимылдары тоқтағанын қалаймыз,»- деп қосқан Тоқаев неміс тілшісіне орыс тілінде берген жауабында.

Осы брифингте Германия канцлері Фридрих Мерц Украина үшін қосымша әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) жүйелерін іздестіріп жатқанын мәлімдеді. DW тілшісінің сұрағына жауап берген Мерц 15-16 қазанда Брюссельде өтетін Еуропалық кеңес отырысына дайындық аясында еуропалық серіктестермен қарқынды консультациялар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Канцлердің айтуынша, әңгіме Украина бюджетіне нақты қолдау көрсету және ел қорғанысындағы ең әлсіз тұстардың бірі саналатын әуе қорғанысы жүйелерін күшейту жайында болған. Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский әскери шығындарды жабу үшін шамамен 27 миллиард доллар жетіспейтінін айтқан еді.

Мерц Киевке ӘШҚҚ жүйелерін жеткізу мәселесі бойынша әлемдік көшбасшылармен жеке келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол Ресейдің азаматтық инфрақұрылымға шабуылдары жалғасуы мүмкін екенін ескеріп, Украинаның қыс мезгіліне дайындалуына көмектесу маңызды екенін атап өтті.

«Бұл – күн сайын жасалып жатқан әскери қылмыс», — деген Германия канцлері.

Tags: әскери қылмысГерманияПутинУкраинаФридрих Мерц
Келесі
Украина бойынша қарар. Қазақстан АҚШ пен Қытайға қосылып қалыс қалды

Барар жері БҰҰ ма? Үміткерлерді іріктеу сәтсіз аяқталғанда Қазақстан басшысы аталды

Соңғы жазбалар

Ақордадан шыққан шенеунік 2 күннен соң жаңа партияның төрағасы болды

Дәдебайға арналған дат. Журналистер Құрылтайдағы шектеуді өзгертуді ұсынды

22 октября, 2026
Қазіргі майдан шегінде. Зеленский соғысты уақытша тоқтатуға болатынын айтты

Қазіргі майдан шегінде. Зеленский соғысты уақытша тоқтатуға болатынын айтты

21 октября, 2026
Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың «Артемида келісіміне» қосылды

Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың «Артемида келісіміне» қосылды

20 октября, 2026
Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»

Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»

19 октября, 2026
Алматыдан — Астанаға. Ресей консулдығы Қазақстан министрлігіне нота жолдады

Алматыдан — Астанаға. Ресей консулдығы Қазақстан министрлігіне нота жолдады

16 октября, 2026
Ресей қазақ мұнайын «Дружба» арқылы Германияға жіберуді тоқтатуы мүмкін

Қазақстанды мекендеген хакерлердің Ресей МӨЗ-іне кибершабуыл жасағаны айтылды

15 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.