• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек». Жаңа кадр алғашқы жиынында өзгеріс неден басталарын айтты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
28.09.2026
Әскери қызметкерлер атысқан ба? Бірі қаза тапты, бірі ауыр жараланды
Share on FacebookShare on Twitter

28 қыркүйекте жаңа қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов басшылық құраммен алғашқы жұмыс кеңесін өткізді. Жиында қарулы күштерді одан әрі дамыту және реформалау бағытындағы негізгі міндеттер айтылды.

Ресми мәліметке қарағанда, жиында заманауи қауіп-қатерлер, қарулы қақтығыстардың тәжірибесі, әскери технологиялардың қарқынды дамуы және әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері атап өтілген.

Негізгі басымдық әскерлердің нақты жауынгерлік әзірлігін арттыруға, басқару жүйесін жетілдіруге, жауынгерлік даярлықтың сапасын көтеруге және қару-жарақ пен әскери техниканы дамытуға бағытталатыны сөз болған. Министр әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жарғыға жат қарым-қатынастардың алдын алудың маңызына тоқталған.

«Әскерлерді басқару жүйесін жетілдіру де реформаның жеке бағытына айналмақ. Бұл ретте үдерістерді одан әрі цифрландыру, басы артық әкімшілік рәсімдерді, есептілік пен практикалық маңызы жоқ кеңестерді қысқарту көзделіп отыр. Босатылған ресурстар әскерлердің жауынгерлік қабілетін арттыруға тікелей бағытталуы тиіс», — делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, армияны материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғаса береді. Бұл ретте сатып алу және ресурстарды бөлу әскерлердің нақты қажеттіліктері мен жауынгерлік даярлықтың басым бағыттарын ескере отырып, жүзеге асырылуы тиіс. Министр бюджет қаражатын ұтымды әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді, тиімсіз шығындарға жол бермеуді және қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттыруды тапсырды.

«Армия есептік көрсеткіштер мен көзбояушылық іс-шаралар үшін емес, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін дамуы керек. Әрбір үдеріс, әрбір шешім және бөлінген әрбір ресурс практикалық нәтижеге ие болып, Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін арттыруға бағытталуы тиіс. Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек, — деген қорғаныс министрі.

Айдос Мырзахметов бұл қызметке 27 қыркүйекте бұрынғы министр Дәурен Қосанов босатылғаннан кейін тағайындалған. 26 қыркүйекте қорғаныс министрлігін кешенді түрде тергейтін комиссия құрылған. Комисссияның министрліктегі «істердің жай-күйіне, оның ішінде әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы жағдайға кешенді тексеру жүргізу мақсатын» көздейтіні айтылған.

23 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы әскери жаттығу кезінде Каспий теңізіне ағып кеткен 17 сарбаздың 14-і қаза тапты. Әуелде 19 адамның ағып кеткені, оның 9-ы қаза тапқаны хабарланған. Соңынан ағып кеткендер саны 17 деп түзетіліп, қаза болғандардың мәйіті табылып құрбандар саны ұлғайды. Үшеуі аман. 25 қыркүйекті президент жалпыұлттық аза тұту күнін жариялаған.

Tags: Айдос Мырзахметовармияәскериреформасарбаз
Келесі
Халықаралық туризмге жол. Қырғызстан парламенті де саяхатшыларға қақпасын ашпақ

Халықаралық туризмге жол. Қырғызстан парламенті де саяхатшыларға қақпасын ашпақ

Соңғы жазбалар

Ақордадан шыққан шенеунік 2 күннен соң жаңа партияның төрағасы болды

Дәдебайға арналған дат. Журналистер Құрылтайдағы шектеуді өзгертуді ұсынды

22 октября, 2026
Қазіргі майдан шегінде. Зеленский соғысты уақытша тоқтатуға болатынын айтты

Қазіргі майдан шегінде. Зеленский соғысты уақытша тоқтатуға болатынын айтты

21 октября, 2026
Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың «Артемида келісіміне» қосылды

Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың «Артемида келісіміне» қосылды

20 октября, 2026
Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»

Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»

19 октября, 2026
Алматыдан — Астанаға. Ресей консулдығы Қазақстан министрлігіне нота жолдады

Алматыдан — Астанаға. Ресей консулдығы Қазақстан министрлігіне нота жолдады

16 октября, 2026
Ресей қазақ мұнайын «Дружба» арқылы Германияға жіберуді тоқтатуы мүмкін

Қазақстанды мекендеген хакерлердің Ресей МӨЗ-іне кибершабуыл жасағаны айтылды

15 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.