Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен кездесіп, алдағы 23 тамызға белгіленген Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық барысын талқылады.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрлан Әбдіров сайлаудағы дауыс беруге әзірлік жұмыстары жайлы баяндаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі сайлау науқанының маңызына тоқталып, оның елдің қоғамдық-саяси өмірінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті делінеді.
Ресми мәлімет бойынша президент сайлауды «Заң және тәртіп» қағидатына сай өткізу қажеттігін айтқан. Сондай-ақ сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз етіп, оған қатысушылардың барлығына тең жағдай жасау маңызды екенін атап көрсеткен.
«Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясына сайлау заңнамасының талаптарын қатаң сақтап, дауыс беру процесінің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету міндетін жүктеді,- делінген Ақорда мәліметінде.






