• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

КҚК-дегі танкер тапшылығы және дроннан қауіп. Қазақ мұнайын жөнелту тағы да іркілді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
06.08.2026
КҚК-дегі танкер тапшылығы және дроннан қауіп. Қазақ мұнайын жөнелту тағы да іркілді

Фото: t.me/caspian_pipeline

Share on FacebookShare on Twitter

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) осы аптада қауіпсіздік мәселесі мен танкер тапшылығына байланысты мұнай тиеуді бірнеше рет уақытша тоқтатуға мәжбүр болған.

Reuters агенттігінің бірнеше ақпарат көзіне сүйеніп хабарлауынша, Қазақстан мұнайын Новороссийск арқылы экспорттау шілденің ортасынан бері іркіліп тұр. Ал әлемдік нарыққа шығатын мұнайдың шамамен 1,8 пайызы КҚК арқылы жөнелтіледі. Reuters дереккөздерінің айтуынша, КҚК қысқа уақытқа ғана жұмысын қалпына келтіріп, кейін қайта тоқтаған. Дрон шабуылдары қаупіне байланысты кеме иелері Новороссийск терминалына танкер жіберуге сақтық танытып отыр.

Алайда мұның алдында Қазақстанның энергетика министрлігі КҚК жұмысын толық тоқтату қарастырылмағанын мәлімдеген. Reuters осыған қатысты Қазақстан билігіне сауал жолдағанымен, Астана әзірге жауап бермеген.

Агенттік дерегінше, экспорттағы қиындықтар Қазақстандағы мұнай өндірісіне де әсер етіп отыр: шілдеде өндіріс көлемі маусыммен салыстырғанда 14 пайыз төмендеген. Бұған қоса, Теңіз кен орнының операторы тамызда шамамен 100 мың тонна мұнайды Грузияның Батуми портына теміржолмен жөнелтуді жоспарлап отыр.

КҚК-дегі іркілістер аясында қазақстандық CPC Blend мұнайы Brent бағасынан барреліне шамамен 4 долларға төмен саудаланған.

Tags: Каспий құбыр консорциумыКҚКмұнайНовороссийск
Келесі
Сатыбалды әулетінің меншігінде болған базар ақыры сатылды. Жаңа иесі аталмады

Сатыбалды әулетінің меншігінде болған базар ақыры сатылды. Жаңа иесі аталмады

Соңғы жазбалар

Басқосуы басталмай тұрып Құрылтай депутаттары өкілеттікке ие болды

Басқосуы басталмай тұрып Құрылтай депутаттары өкілеттікке ие болды

27 августа, 2026
ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

Құрылтайдың іске кірісетіні хабарланғанда партиялар депутаттарын жариялады

26 августа, 2026
ЕҚЫҰ Құрылтай сайлауын саяси плюрализмі жоқ ортада өтті деп таныды

ЕҚЫҰ Құрылтай сайлауын саяси плюрализмі жоқ ортада өтті деп таныды

25 августа, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Сайлаудағы сауалнама бойынша алдын-ала нәтиже жарияланды. Кімнің аты озуы мүмкін?

24 августа, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

24 августа, 2026
Қысқарту қарқынынан соң. Журналистерді қорғау комитеті Конгрессті USAGM-ді қорғауға шақырды

Сайлауға санаулы күн қалғанда. Азаттықтың желідегі парақшасы бұғатталды

21 августа, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.