• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Amanat депутаттарының заңдылығын тексеруге арызданған журналистке Конституциялық соттан жауап келді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
12.07.2026
1,4 млрд долларлық шағым. Астанадағы сотта Украина компаниясы «Газпромды» жеңді 
Share on FacebookShare on Twitter

Шілденің 12-сінде журналист Асылхан Мамашұлы «Әділет» партиясына қосылған Amanat партиясы мүшелерінің мәжілісті отыруының заңдылығын анықтау үшін Конституциялық сотқа жолдаған арызға жауап келгенін хабарлады.

Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

Асылхан Мамашұлының арызына Конституциялық сот былай деп жауап берген: «Сіздің өтінішіңізде Конституцияға сәйкестікті тексеру үшін Конституциялық заңмен жүгіну шарттарына жатқызылған белгілер жоқ, басқа құқық қорғау органына хабарласыңыз».

Осындай жауапқа журналист өзінің реакциясын да білдірген.

«Конституциялық сот менің арызым заң талабына сәйкес келмейді десе, біреуге сілтемей өз бетінше тексеруіне болар еді. Өрт туралы кімнің хабарлағаны маңызды емес қой. Ең бастысы «құқық бұзушылық туралы» ресми хабарлап, азамат парызынан құтылдық. Мөр басылған ресми жауап қолымызда. Енді осынау әлемде сирек кездесетін құбылыс, фарс, трагикомедия –тарихи драманы өле-өлгенше айтамыз, керек болса Қаратаудың шимайлы тастарының жанына петроглиф етіп таңбалаймыз»,- деп жазған Асылхан Мамашұлы желідегі парақшасында.

Маусым айында журналист Асылхан Мамашұлы «Әділет» партиясына қосылған Amanat партиясы мүшелерінің мәжілісті отыруының заңдылығын анықтау үшін Конституциялық сотқа арыз жолдаған болатын. Онда журналист 2023 жылы сайланған мәжілістегі 98 мандаттың 62-сіне Amanat партиясы ие болғанын айта келіп, ұйым мұны өзіне көрсетілген “халық сенімі” деп атағанына назар аудартады.

«Биыл, маусымның 12-сінде «Аманат» партиясы сиез өткізіп, Мәжілісте мандаты жоқ «Әділет» партиясына қосылатынын, өз атауынан және сол атау бойынша қоғамдық ұйым ретіндегі қызметінен бас тартатынын жариялады.
Маусымның 14-інде «Әділет» партиясы сиезінде «Аманаттың» өтінішін мақұлдады. Бұл жиынға «Аманат» партиясының өкілдері де қатысып, растады.Маусымның 14-іне «Егемен Қазақстан» газеті мен өзге де БАҚ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдағанда Қошановты «Аманат» партиясының “бұрынғы төрағасы” деп көрсетті. Мұндай ақпарат «Аманат» партиясында төраға лауазымы да жойылғанын, партия жарғысы іске аспай қалғанын аңғартты», — деп жазған Асылхан Мамашұлы.

«Кез келген партияның өзге қоғамдық ұйымдармен қосылуына, өз-өзін жоюына заңда тыйым жоқ. «Аманат» партиясы да өз-өзін заңға сәйкес жойды. Енді әрі қарай да заңға және партия мен депутат этикасына сәйкес әрекет жасап, Мәжілісте иеленіп отырған 62 мандатты Орталық сайлау комиссиясына дереу қайтарып беруге, Мәжілістен толық кетуге тиіс. Ол мандаттарды 2023 жылғы мәжіліс сайлауының қорытындысы бойынша қайта есептеп, басқа үміткерлер мен партияларға беру қажет. Рас, ҚР Азаматтық кодексінің «Заңды тұлғаны қайта құру туралы» 45-бабында көрсетілгендей, Бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің (БСН) ұлттық тізімінде өзгергенге дейін ұйым «қызметі тоқтады» деп есептелмейді. «Әділет» партиясы да осы бапты меңзеп, «толық қосылып біткенше «Аманат» партиясы заңды тұлға ретінде өмір сүре беретінін» мәлімдеді. Яғни “Аманаттың” БСН-і ғана қалған. Ал бұл – партиялардың мәжіліс мандатын ұстап отыруына жеткіліксіз,»- деп жазған журналист.

«Егер мандат қайтарылмаса, онда 2023 жылы сайлау кезінде өмірде болмаған «Әділет» партиясына «Аманат» партиясының «БСН-і» арқылы мемлекеттік жоғары заң шығару органының жұмысына заңсыз араласуына мүмкіндік берілетін болады. Бұл — сайлау заңнамасын өрескел бұзу, халықтың әділ сайлауға, мемлекеттік билікке деген сенімін одан сайын азайту»,- деп жазған еді Асылхан Мамашұлы Конституциялық сотқа жолдаған арызында.

«Аталған жайттарды ескере отырып, “Аманат” партиясының әрекетіне Конституциялық құқықтық баға беруді, теріс деп тапқан жағдайда Парламент Мәжілісін мерзімінен бұрын таратуға негіз болатын Конституциялық сот қаулысын шығаруды, не болмаса маусымның 12-сінен 1 шілдеге дейінгі Мәжіліс жұмысын заңсыз деп тануды, сол арада қабылданатын барлық құқықтық — нормативтік актілердің күшін жоюды және мандатын тапсырмай, Мәжілістің легитимділігіне нұқсан келтірген «Аманат» депутаттарына мандатын тапсырған соң құқықтық шара қолдану туралы тиісті органдарға қатынас жолдауды өтінемін»,- деген журналист.

Бұған дейін Amanat партиясы «Әділет» партиясына қосылатынын жариялаған. 14 маусымда Астанада «Әділет» партиясының ІІ съезі өтіп, онда делегаттар Amanat партиясының қосылу туралы бастамасын қолдаған. Ал басым бқлігі осы партияның мүшелерінен құралған мәжіліс жарты айдай жұмыс істеп, 1 шілде, жаңа Конституция күшіне енер қарсаңда ғана таратылды.

Tags: Amanat партиясыАсылхан МамашұлыӘділет партиясыКонституциялық кеңес
Келесі
Бұрын сотталған бұрынғы президент тағы 2 жылға бас бостандығынан айырылды

Бұрын сотталған бұрынғы президент тағы 2 жылға бас бостандығынан айырылды

Соңғы жазбалар

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

25 июля, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Прокурор Ермек Нарымбаевты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

24 июля, 2026
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Сайлауда сауалнама жүргізетін ұйымдар аталды

22 июля, 2026
Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

20 июля, 2026
ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

145 орындық құрылтай депутаттығына жеті партиядан 546 кандидат ұсынылды

16 июля, 2026
Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

14 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.