• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бұрын сотталған бұрынғы президент тағы 2 жылға бас бостандығынан айырылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
13.07.2026
Бұрын сотталған бұрынғы президент тағы 2 жылға бас бостандығынан айырылды
Share on FacebookShare on Twitter

10 шілде күні Сеулдің аудандық соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльді сегіз қылмыстық істің бірі бойынша екі жылға бас бостандығынан айырды.

Бұл туралы Kazinform Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігіне сілтеп хабарлады.

Сот бұл жолы бұрынғы президентті «Саяси қорлар туралы» заңды бұзғаны үшін кінәлі деп таныды.

Арнайы прокурорлар тобы бұған дейін оны жұбайы, бұрынғы бірінші ханым Ким Кон Химен сөз байласты деп айыптаған. Тергеу мәліметінше, Юн Сок Ёль 2021 жылғы сәуір мен 2022 жылғы наурыз аралығында ықпалды саясаткерден жалпы құны шамамен 270 миллион вон (шамамен 180 мың АҚШ доллары) болатын 58 қоғамдық пікір сауалнамасының нәтижесін тегін алған.

Аталған іс бойынша прокурорлар экс-президентті төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Юн Сок Ёльге сондай-ақ 2024 жылғы желтоқсанда елде қысқа мерзімге әскери жағдай енгізу арқылы бүлік ұйымдастырды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Жалпы әскери жағдай енгізу әрекетіне байланысты оған қарсы сегіз қылмыстық іс қозғалған.

2026 жылғы ақпанда Юн Сок Ёль әскери жағдай жариялау арқылы бүлік ұйымдастырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді. Кейін ол бұл үкімге шағым түсірді.

Маусым айында бұрынғы президент жауға жәрдемдесті және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыптар бойынша 30 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Жоғарғы соты сот төрелігіне кедергі келтірді деген іс бойынша бұрынғы президентке шығарылған жеті жылдық бас бостандығынан айыру туралы үкімді күшінде қалдырған болатын.

Tags: Ким Кон ХиОңтүстік КореяСаяси қорларСотЮн Сок Ёль
Келесі
Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.