• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Халықаралық ұйым Астананы 19 белсендіге шыққан үкімді жоюға шақырды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
29.04.2026
Халықаралық ұйым Астананы 19 белсендіге шыққан үкімді жоюға шақырды
Share on FacebookShare on Twitter

ARTICLE 19 халықаралық ұйымы Қытайдағы адам құқығы ахуалына қарсы бейбіт наразылыққа шыққан 19 қазақстандық белсендінің үкіміне алаң білдіріп, мұның артында Қытайдың трансшекаралық қудалау саясаты тұрғанын атап өткен.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Аталған ұйым Қазақстан билігін түрме жазасына кесілген белсенділерді босатып, шартты жаза алғандардың үкімін жоюға үндеп отыр.

13 сәуір күні Талдықорған соты Қытай билігін сынаған 19 белсендінің 11-ін бес жылға бас бостандығынан айырып, қалғанын шартты жазаға кескен.

Былтыр қарашада олар тіркелмеген «Атажұрт» ұйымының белсенділері мен жақтастары Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қалжат ауылында Қытай туы мен Қытай басшысы Си Цзиньпин портретін өртеп, Пекин саясатына наразылық білдірген. Олар Шыңжаңдағы «түзету лагеріне» қамалған қазақтарды босатуды, Қытаймен визасыз режимді жоюды талап еткен.

Осыдан кейін Қазақстан құзырлы органдары акцияға қатысқандарды ұстап, олардың үстінен «ұлттық араздықты қоздыру» (қылмыстық кодекстің 174-бабы) бойынша іс қозғаған.

ARTICLE 19 ұйымы осы тергеу барысында Қытай бас консулдығының Қазақстан сыртқы істер министрлігіне жазған хатын мысал етіп, бұл қылмыстық қудалаудың артында Пекиннің трансшекаралық қысым көрсету науқаны тұрғанын айтады. Ұйым Қытайдағы адам құқығы мәселесін қозғаған қазақстандық белсенділерге бұған дейін іс қозғалып, олардың қудаланғанын, кейбірі шетелге кетуге мәжбүр болғанын атап өткен.

Tags: article19АтажұртҚытай
Келесі
БАҚ масс-медиа болды. Шулы заң сенаттан өтті

"Шекарасыз тілшілер" Қазақстанда сөз бостандығы шектелетінін жариялады

Соңғы жазбалар

Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Сайлаудағы сауалнама бойынша алдын-ала нәтиже жарияланды. Кімнің аты озуы мүмкін?

24 августа, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

24 августа, 2026
Қысқарту қарқынынан соң. Журналистерді қорғау комитеті Конгрессті USAGM-ді қорғауға шақырды

Сайлауға санаулы күн қалғанда. Азаттықтың желідегі парақшасы бұғатталды

21 августа, 2026
Астана күні. Президент экс-президентті туған күнімен құттықтады

Ішкі істен шеттетілген Назарбаев сыртқы саясаттан да аластатылды

19 августа, 2026
Сайлау қарсаңында. 8 жылға бостандығынан айрылған журналист 5 жылға журналистикадан шеттетілді

Сайлау қарсаңында. 8 жылға бостандығынан айрылған журналист 5 жылға журналистикадан шеттетілді

18 августа, 2026
«Ресей басқыншылығын қолдағаны үшін». Головкин де украиналық «Миротворец» тізіміне енгізілді

«Ресей басқыншылығын қолдағаны үшін». Головкин де украиналық «Миротворец» тізіміне енгізілді

17 августа, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.