• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев Тегеранды тағы бір мәрте айыптап үлгерді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
11.03.2026
дрон, Иран
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның БАӘ-ға жасаған зымыран және дрон шабуылын айыптады. “Соның салдарынан көптеген тұрғын қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға нұқсан келді. Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысты одан әрі ушықтыратын мұндай әрекеттерді еш ақтауға болмайды деп санайды,”- делінген Ақорданың 10 наурыздағы хабарламасында.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің хабарламасында “халықаралық даулы мәселелерді шешудің ең дұрыс жолы дипломатиялық тәсілдерге жүгіну” екені атап өтілген.

10 наурызда БАӘ билігі Иран шабуылының салдарынан қаза болғандар алты адамға жеткенін, 122 адам зардап шеккенін мәлімдеген. Арасында БАӘ, Египет, Судан, Эфиопия, Филиппин, Пәкістан, Иран, Үндістан, Бангладеш, Шри-Ланка, Әзербайжан, Йемен, Уганда, Эритрея, Ливан, Ауғанстан, Бахрейн, Түркия және өзге ел азаматтары бар.

10 наурызда БАӘ әуе қорғанысы 9 баллистикалық зымыранды анықтаған, оның сегізі атып түсірілген, ал бір зымыран теңізге құлаған. Бұған қоса, 35 дрон анықталып, 26-сы құлатылған, 9-ы ел аумағына құлаған.

28 ақпаннан бері Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты бірнеше рет мәлімдеген жасаған. 1 наурызда ол Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Қатар, Бахрейн және Кувейт мемлекеттерінің басшыларына қолдау білдіріп, “достас әрі бауырлас елдердің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлық әскери әрекетті” айыптаған. Әзербайжанның Нахчыван әуежайына ирандық дрондардың соққысын да қатаң айыптаған еді. Алайда кейінірек Иран президенті кешірім сұрап, төңіректегі елдерге шабуылдамайтынын айтқанда Қазақсан басшысы оң қабылдаған. 28 ақпанада АҚШ пен Израильдің біріккен соққысынан бері Ирандағы шиеленіс жалғасып отыр. АҚШ пен Израиль соққы жасаған сайын Иранда қарымтасын қайтаруға тырысқан. Сондайда Иран Таяу Шығыс, Парсы шығанағы аймақтарында аумақтарында АҚШ әскери базасы орналасқан елдерді атқылаған. Базаны көздеп атылды дегенмен, зымырандар мен дрондардың бейбіт тұрғындар ортасына түскені тіркелген.

Tags: ИранҚасым-ЖомартсоғысТоқаев
Келесі
Ормуз – қысым құралы. Кіші Хаменеи көпке көрінбей алғашқы үндеуін жолдады

Ормуз – қысым құралы. Кіші Хаменеи көпке көрінбей алғашқы үндеуін жолдады

Соңғы жазбалар

Халықаралық ұйым Астананы 19 белсендіге шыққан үкімді жоюға шақырды

Халықаралық ұйым Астананы 19 белсендіге шыққан үкімді жоюға шақырды

29 апреля, 2026
Қазақстан мұнайының экспорты кемуі мүмкін

Қазақстан Ресей тоқтатқан мұнай экспортын басқа бағытқа бұрмақ

29 апреля, 2026
Қазақстандық белсенді Мәскеуден қайтарылды

Қазақстандық белсенді Мәскеуден қайтарылды

27 апреля, 2026
Иранда әуе қатынасы жандана бастады

Иранда әуе қатынасы жандана бастады

24 апреля, 2026
Журналистер «жалған ақпарат» бабын Қылмыстық кодекстен аластату керегін айтты

Журналистер «жалған ақпарат» бабын Қылмыстық кодекстен аластату керегін айтты

23 апреля, 2026
Қазақстан мұнайының экспорты кемуі мүмкін

Ресей қысымына қарамастан қазақ мұнайы қысқармайтын түрі бар

22 апреля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.