• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Алматы облысында Мәскеудегі «Путинді қорлағандар» іздестіріліп жатыр

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
04.03.2026
Алматы облысында Мәскеудегі «Путинді қорлағандар» іздестіріліп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы облысы Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылындағы ескерткіштің бүліну дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлаған

Полиция мәліметінше, қескерткішті бүлдіру фактісі бойынша тексеру басталған.

«Қазіргі уақытта кінәлі адамдарды анықтап, ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары қолға алынған», — делінген полиция жауабында.

Ескерткіштің бүлінгені туралы алғаш болып ресейлік «Туранарь» телеграм-арна жазған. Жазба авторлары «вандализм жасағандарды» «деколонизатор белсенділер» деп атаған. Телеграм-арна авторлары оларды «тарихи білім деңгейі төмен» деп атап, Қазақстандағы тарих оқулықтары «орыстар қазақтарды отарлады» деген көзқарасты қалыптастырады» деп пікір келтірген.

Аталған ескерткіш осымен екінші рет бүлініп отыр. Жергілікті ақпарат құралдары 2023 жылы көктемде де дәл осы суреттегідей жазу пайда болғанын жазған.

«Бұл жолғысының алдыңғы фактіге қатысы жоқ. Алдыңғысынан кейін бәрін реттеп, жасап қойған еді. Мынау — бөлек жағдай,»- деді 4 наурызда полиция өкілдері.

2022 жылы қазақстандық баспагер әрі блогер Бақытжан Бұқарбай бұл ескерткішті «Ресейлік оккупация символы» деп атап, оны алып тастауға үндеген. Бейнежазбада ол «Осы тектес стелаларды орыс империясы басып алған жеріне қоятын болған. Тақтайшаны орнатқандар импершіл көзқарастағы адамдар деуге болады. Өйткені жазу 1917 жылға дейін қолданылған орыс әліпбиімен жазылған» деген. Ресми билік бұл үндеуге жария жауап бермеген.

Ұзынағаш ауылындағы ескерткіштің ресми «Қоқандықтармен болған Ұзынағаш шайқасын еске алу құрметіне» қойылған стела аталады. Ол Алматы облысы Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында, мұсылман зираты аумағында орналасқан. Тарихи деректерге сәйкес, Ұзынағаш шайқасы 1860 жылы қазанда өткен. Бұл қақтығыста генерал Герасим Колпаковский басқарған Ресей империясының әскері Қоқан хандығының жасақтарын жеңгені айтылады. Кей деректерде шайқасқа қазақ жасақтарының екі тараптан да қатысқаны көрсетіледі. Бұл шайқас Ресей империясының Орталық Азияға дендей енуіне мүмкіндік туғызды. Ал Қазақстанда тіркелген орыс-казак, славян ұйымдары ара-тұра осы ескерткіш басына жиналып тұрады.

Tags: КолпаковскийқоқанПутинҰзынағаш
Келесі
Иранның Әзербайжандағы зымыран шабуылы. Қазақстан қатаң айыптады

Иранның Әзербайжандағы зымыран шабуылы. Қазақстан қатаң айыптады

Соңғы жазбалар

«Өзім де БҰҰ-да қызмет еттім» деген Тоқаев ұйымды өзгерту ұсыныстарын айтты

«Өзім де БҰҰ-да қызмет еттім» деген Тоқаев ұйымды өзгерту ұсыныстарын айтты

17 апреля, 2026
Әскери қызметкерлер атысқан ба? Бірі қаза тапты, бірі ауыр жараланды

Әскери қызметкерлер атысқан ба? Бірі қаза тапты, бірі ауыр жараланды

16 апреля, 2026
Қазақ еліне +1 саяси партия. Бұрынғы атаумен тағы бір бірлестік өзін жария етті

Қазақ еліне +1 саяси партия. Бұрынғы атаумен тағы бір бірлестік өзін жария етті

16 апреля, 2026
Мадьярдың мерейі үстем болып, Орбан оппозицияға кетпек

Мадьярдың мерейі үстем болып, Орбан оппозицияға кетпек

13 апреля, 2026
Иран мен АҚШ Исламабадтағы келіссөзде де мәмілеге келе алмады

Иран мен АҚШ Исламабадтағы келіссөзде де мәмілеге келе алмады

13 апреля, 2026
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

10 апреля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.