• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Саида Мирзияева Қарақалпақстанның хәкімі бола ма? Президент қызына жаңа міндет жүктеді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
21.08.2024
Өзбек президентінің кенже қызы паралимпиада комитеті төрағасының орынбасары болды
Share on FacebookShare on Twitter

Өзбекстан басшысының тұңғышы, президент көмекшісі Саида Мирзияева мен президенттің Арал аймағын тұрақты дамыту мәселелері бойынша кеңесшісі Тұрсынхан Құдайбергенов Қарақалпақстанның дамуы бойынша мемлекет басшысының бұйрығын жүзеге асыруға жауапты тұлғалар болып бекітілді. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

19 тамызда Қарақалпақстанда президент Шавкат Мирзияевтің қатысуымен өткен жиында осындай шешім жарияланды.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарақалпақстан халқына тиісті жағдай жасау мақсатында аймақты дамыту бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қосымша 100 млрд сум (шамамен 8 млн доллар) бөлінбек.

Аймақтың әлеуметтік дамуы үшін және инфрақұрылымын жаңарту үшін келесі жылы 1 трлн сумнан (79 млн доллардан астам) астам қаражат бөлінбек. Жоспарланған іс-шаралар арасында 24 мектеп пен 5 балабақша, 7 медициналық мекемені жөндеу мен салу мақсаты тұр.

Бұған қоса, өнеркәсіп аймағының инфрақұрылымын жақсарту мен ірі өндіріс нысандарын жетілдіруге 353 млрд сум (28 млн доллар) жұмсалмақ.

Бұл міндеттердің орындалуын Саида Мирзияева мен Тұрсынхан Құдайбергенов бақылайды деп айтылады.

Аталған жайлар президент Шавкат Мирзияевтің Қарақалпақстанға сапары барысында белгілі болған.

Қарақалпақстанның мәртебесі — Өзбекстан құрамындағы егеменді республика. Республиканың референдум жолымен Өзбекстан құрамынан шығып кетуге хақысы бар. 2022 жылы Өзбекстандағы реформа бағытындағы талпыныстар кезінде орталық биліктің осы мәртебені өзгертпек болған әрекеті наразылыққа тап болған.

Келесі
Гүлмира Сатыбалдының сотында жәбірленуші сот залынан шығарылды

Сатыбалдылар хикаясы. Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға қамауды сұрады

Соңғы жазбалар

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

25 июля, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Прокурор Ермек Нарымбаевты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

24 июля, 2026
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Сайлауда сауалнама жүргізетін ұйымдар аталды

22 июля, 2026
Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

20 июля, 2026
ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

145 орындық құрылтай депутаттығына жеті партиядан 546 кандидат ұсынылды

16 июля, 2026
Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

14 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.