• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Израиль Дохаға шабуылдады. Қазақстан бірден айыптады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
10.09.2025
Израиль Дохаға шабуылдады. Қазақстан бірден айыптады
Share on FacebookShare on Twitter

Израиль әскері 9 қыркүйекте ХАМАС ұйымының (АҚШ, ЕО террорлық ұйым деп таныған) жоғарғы басшылары Қатар астанасы Дохада болғанда шабуыл жасады. Бұл – Израильдің Катар аумағындағы алғашқы операциясы.

Азаттықтың хабарлауынша, Израильдің қорғаныс әскері «[ХАМАС ұйымына] қатысы жоқ адамдар зардап шекпес үшін жоғары дәлдікпен көздейтін қару мен барлау ақпараттары пайдаланылды», — деп мәлімдеме таратқан.

Ал Қатар сыртқы істер министрлігінің өкілі Мәжит Әл-Ансари ресми Доха ХАМАС өкілдеріне жасалған шабуылды «айыптайтынын» айтқан. Оның сөзінше, шабуыл ХАМАС үйымының саяси бюросының бірнеше мүшесі тұратын үйге жасалған.

«Бұл – барлық халықаралық заң нормаларын бұзу әрі катарлықтар мен Катар тұрғындарының өміріне қауіп төндіру,»- делінген Қатар сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

«Әл Жазира» телеарнасы шабуыл ХАМАС ұйымының Дохадағы жиналатын орнына жасалғанын айтады.

Ал «ХАМАС» өкілдері «Әл Жазира» арнасына «Дохада қозғалыс лидерлері АҚШ президенті Дональд Трамптың Газадағы атысты тоқтату бойынша ұсынысын талқылап жатқанда шабуыл жасалды» деген.

Ал 8 қыркүйекте Иерусалимде теракт болып, бірнеше адам жолаушылар автобусын атқылаған. Шабуылдан алты адам қаза тауып, 12 адам жараланған еді. Бұл шабуылды ХАМАС өз мойнына алған.

The Times of Israel басылымы дереккөздеріне сілтеп, Израиль Дохадағы ХАМАС қозғалысының өкілдеріне шабуыл жасау үшін АҚШ президенті Дональд Трамптан рұқсат алған деп жазды. 8 қыркүйекте Трамп ХАМАС-қа «соңғы ескерту» жасап, израильдік тұтқындарды босатуды талап еткен.

2023 жылы 7 қазанда ХАМАС Израильге шабуыл жасап, ондаған адамды кепілге алған еді. Қазір кепілге алынған адамдардың біразы әлі босатылған жоқ. ХАМАС-тың шабуылына жауап ретінде Израиль Газа секторына шабуылдап, 64 мың адам қаза тапқаны айтылады.

Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің Дохадағы әскери операциясын бірден айыптады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді», — делінген Ақорданың хабарламасында.

Келесі
Көкпардағы даудан кейін ҰҚК-нің мәлімдеме жасауына тура келді

ҰҚК қазақ-қырғыз шекарасындағы "атыс туралы" мәліметті жоққа шығарды

Соңғы жазбалар

Ол «иә» деді. «Әділет» бұрынғы билікшіл партиямен қосылуға келісім берді

Ол «иә» деді. «Әділет» бұрынғы билікшіл партиямен қосылуға келісім берді

14 июня, 2026
AMANAT «Әділетке» қосылатын болған соң «Ақ жол» да басшысын ауыстырды

AMANAT «Әділетке» қосылатын болған соң «Ақ жол» да басшысын ауыстырды

13 июня, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

12 июня, 2026
Shymbulak-та отырғызылған 500 Тянь-Шань шыршасы сәтті жерсінді

Shymbulak-та отырғызылған 500 Тянь-Шань шыршасы сәтті жерсінді

11 июня, 2026
Мемлекеттік күзет қызметі терроризмге қарсы операцияда ескертпестен оқ ата алады

Мемлекеттік күзет қызметі терроризмге қарсы операцияда ескертпестен оқ ата алады

11 июня, 2026
Не болды, Пашинян? Армения премьерін бірінші болып Қазақстан президенті құттықтады

Не болды, Пашинян? Армения премьерін бірінші болып Қазақстан президенті құттықтады

9 июня, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.