• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Uncategorized

Министр президенттік кеңеске сілтеп, жанармай бағасын өсіргелі отыр

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
30.01.2025
Министр президенттік кеңеске сілтеп, жанармай бағасын өсіргелі отыр
Share on FacebookShare on Twitter

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 29 қаңтарда БАҚ өкілдермен өткен баспасөз мәслихатында ақпан айында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 210 теңгеге дейін өсуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр.

«Бірінші қадамда баға 210 теңгеге дейін қымбаттайды деп бағдарлап отырмыз. Әрі қарай неше қадам жасайтынымызды нарық реттеуі керек. Біздің міндет бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болады», — дейді министр.

«Біз соншалықты бір күйрететіндей өзгеріс күтіп отырған жоқпыз. Бұған дейін бензин бағасы 400 теңгеге дейін барады екен деген ойланбастан айтылған мәліметтер тарады. Ондай өсуге жол бермейміз», — деп қосты Алмасадам Сәтқалиев.

«Мұнай өнімдерінің бағасының өсуі туралы айтсақ, бұған дейін президент жанындағы кеңес шешім қабылдап қойды. Жанар-жағармай ғана емес, сұйытылған мұнай газының бағасын да кезең-кезеңмен өсіру туралы шешім бар. Сондай-ақ, тауарлық газ бойынша да бағаның өсуімен байланысты белгілі бір межелер бар. Мұндағы басты ұстаным бағаны бақылаудың нормативтік және әкімшілік шараларды Үкіметтің қолында қалдыруға бағытталған. Яғни, аталған әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының күрт өсуі болмайды», — деді ол.

Министрдің айтуынша, тауарлық газдың бағасы биылғы жазға қарай біртіндеп өседі деп шамаланып отыр. Сондай-ақ Алмасадам Сәтқалиев сұйытылған газдың бағасы 98 теңгеден ары қымбаттамайды деген мәлімет келтірді.

«Былтыр баға диапазоны 54-55 теңге болса, 59-90 теңге арасында болады. Ол енді өңірлерге байланысты. Ең жоғарғы диапазон өңірлерде 64 теңгеден 98 теңгеге дейін болады деп отырмыз, — деді энергетика министрі.

Келесі
Инфляция үдеген сайын азық-түлік қымбаттап барады

Инфляция үдеген сайын азық-түлік қымбаттап барады

Соңғы жазбалар

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

25 июля, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Прокурор Ермек Нарымбаевты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

24 июля, 2026
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Сайлауда сауалнама жүргізетін ұйымдар аталды

22 июля, 2026
Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

20 июля, 2026
ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

145 орындық құрылтай депутаттығына жеті партиядан 546 кандидат ұсынылды

16 июля, 2026
Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

14 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.