• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Таңдаулы

Азаттық аккредитациясына республикашыл конгрессмен алаңдады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
06.11.2026
Қысқарту қарқынынан соң. Журналистерді қорғау комитеті Конгрессті USAGM-ді қорғауға шақырды
Share on FacebookShare on Twitter

Америкалық конгрессмен Роберт Адерхолт Қазақстан билігінің Азаттық радиосы тілшілерінің аккредитациясын кешіктіріп жатқанына алаңдаушылық білдірді.

3 қарашада өткен конгресстің аралық сайлауында Алабама штатында жеңіске жеткен республикашыл саясаткер 5 қарашада X желісінде: «Қазақстан үкіметінің Азаттық радиосы (RFE/RL) журналистерін аккредиттеуді кешіктіруі алаңдатады. RFE/RL 70 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан халқына әділ әрі бейтарап ақпарат таратып келеді. Ал Қазақстанның өзінде 30 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келе жатыр,»- деп жазды конгрессмен.

Ол жазбада өзінің Қазақстанға АҚШ-пен саудада тұрақты жеңілдіктерді беруді көздейтін, сондай мәртебе беретін заң жобасының бастапқы авторларының бірі екенін де еске салды.

«Қазақстанмен тұрақты қалыпты сауда қатынастары мәртебесін орнату туралы екі партияның қолдауына ие заң жобасының негізгі бастамашысы ретінде Орталық Азиядағы АҚШ ықпалын күшейту аса маңызды деп санаймын. Бұл — маңызды пайдалы қазбаларға қатысты қауіпті азайту және стратегиялық өңірдегі Қытай ықпалына қарсы тұру үшін қажет. АҚШ Конгресі қаржыландыратын RFE/RL ақпарат ұйымының Қазақстан аумағында еркін жұмысын жалғастыруы өте маңызды,»- деп жазды конгрессмен.

Былтыр АҚШ конгресінің мүшесі Сидни Камлагер-Дав та Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде Азаттық тілшілеріне аккредитация беру маңызды екенін айтқан еді. Ол БАҚ еркіндігі мен Азат Еуропа/Азаттық радиосының Орталық Азия елдерінде кедергісіз жұмыс істеуі өзекті екенін атап өтіп, журналистердің қауіпсіз әрі еркін жағдайда шынайы ақпарат таратуына мүмкіндік берілуі керектігін жеткізген.

АҚШ конгресі қаржыландыратын Азаттық радиосы Қазақстанға да хабар таратады, 1990-жылдардың басынан бері журналистері ел ішінде жүріп жұмыс істейді. Қазақстан заңы бойынша, шетелдік БАҚ өкілдері ел аумағында жұмыс істеуі үшін жергілікті сыртқы істер министрлігінен аккредитация құжатын алуы керек.

Алайда Азаттық кейінгі уақытта Қазақстан билігінен аккредитация алуда қиындыққа тап болды. Биыл мамырда Азаттық радиосы Қазақстан сыртқы істер министрлігімен тілшілерінің аккредитациясы бойынша медиациялық келісімге келген. Алайда аккредитация мәселесі әлі шешілген жоқ.

Бұған дейін халықаралық баспасөз қорғау ұйымдары Қазақстан билігін Азаттық тілшілеріне аккредитация беріп, еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік беруге үндеген. Нью-Йоркте орналасқан «Журналистерді қорғау комитеті» (Committee to Protect Journalists, CPJ) Қазақстан билігіне үндеу жолдап, Азаттық радиосының тілшілерін аккредиттеуге шақырған.

Баспасөз қорғау ұйымдары Қазақстанда шетелдік БАҚ-тың өкілдіктері мен олардың журналистерін аккредиттеу тәртібі қатаңдатылып, сыртқы істер министрлігінің бақылауы күшейіп жатқанын хабарлаған. Жуырда шыққан сыртқы істер министрінің бұйрығына сәйкес, Қазақстан сыртқы істер министрлігі «ұлттық қауіпсіздік мүддесіне» байланысты шетелдік БАҚ өкілдеріне аккредитация бермеуі мүмкін немесе берілген аккредитацияны қайтаруы ықтимал. Алайда бұйрықта ұлттық қауіпсіздікке қатысты нақты өлшемдер көрсетілмеген.

Қазақстан билігі елде цензураға тыйым салынған, сөз еркіндігі мен баспасөз бостандығына байланысты ешқандай проблема жоқ деп бұрыннан айтып жүр. Бұған дейін мәдениет және ақпарат министрі болған (қазір Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары) Аида Балаева Қазақстанда баспасөз еркіндігі шектелетіні туралы халықаралық ұйымдардың сынына келіспейтінін айтып, елде бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына барлық жағдай жасалған деп мәлімдеген.

Tags: АзаттықаккредитацияСөз бостандығысыртқы істер министрлігі

Соңғы жазбалар

Қысқарту қарқынынан соң. Журналистерді қорғау комитеті Конгрессті USAGM-ді қорғауға шақырды

Азаттық аккредитациясына республикашыл конгрессмен алаңдады

6 ноября, 2026
Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.