• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Құрылтай келісті деген үкімет қайта тағайындалуымен ерекшеленді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
03.09.2026
Құрылтай келісті деген үкімет қайта тағайындалуымен ерекшеленді

үкімет, портфель

Share on FacebookShare on Twitter

3 қыркүйекте Қазақстан үкіметінің құрамы жасақталып болды. 4 министр жаңадан тағайындалғаны болмаса, қалғаны өз кабинетіне қайта келді.

1 шілдеде қабылданған жаңа Конституция бойынша 23 шілдеде Құрылтай сайлауы өтіп, 28 тамызда үкімет доғарысқа кеткен.

Отставкадан кейін 45 жастағы Олжас Бектенов қайта премьер болды. Ол бұл қызметті 2024 жылдың ақпанынан бері атқарып келеді. Премьер-министрдің алты орынбасарының бесеуі өз орнында қалды.

50 жастағы Нұрлыбек Нәлібаев – премьер-министрдің бірінші орынбасары. 58 жастағы Ғалымжан Қойшыбаев – премьер-министрдің орынбасары — үкімет аппаратының басшысы. Қойшыбаев бұл қызметті 2023 жылдың қаңтарынан бері ақтарып келеді. Бүгін ол осы қызметке төртінші рет қайта тағайындалды. 57 жастағы Қанат Бозымбаев – премьер-министрдің орынбасары. Оның құрдасы Серік Жұманғарин – премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі. 2022 жылдың тамызынан бері осы қызметінен мызғымаған ол да бүгін төртінші мәрте қайта тағайындалды. 43 жастағы Жаслан Мәдиев – премьер-министрдің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып екінші рет тағайындалды.

Бұған дейін премьер-министрдің алтыншы орынбасары мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева болған еді, ол жақында қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып кетті. Жаңа үкіметте Балаеваның орнына 49 жастағы Арман Қырықбаев мәд-ақ министрі болып тағайындалды. Алайда оған премьерге орынбасарлық бұйырмады.

Қырықбаев – негізгі құрамы қайта тағайындалған үкіметтегі төрт жаңа министрдің бірі. Президент осы төртеудің ішінде алдымен сыртқы істер министріне 58 жастағы Мұхтар Тілеубердіні тағайындады. Экология және табиғи ресурстар министрі болып 42 жастағы Әлібек Қуантыров тағайындалды. Тағы бір жаңа шенеунік – төтенше жағдай министрі 41 жастағы Мұрат Мұханов.

Күштік құрылым басшылары орнында қалды: ішкі істер министрі – 57 жастағы Ержан Сәденов екінші рет қайта тағайындалды. 56 жастағы Дәурен Қосанов қорғаныс министрі қызметінде қалды.

Бұдан басқа 51 жастағы Ерлан Сәрсембаев әділет министрі болы қайта тағайындалды. Осы лектегі шенеуніктер реті: – 59 жастағы Нұрлан Сауранбаев – көлік министрі. 47 жастағы Ерлан Ақкенженов – энергетика министрі. 46 жастағы Ерсайын Нағаспаев – өнеркәсіп және құрылыс министрі. 43 жастағы Жұлдыз Сүлейменова – оқу-ағарту министрі. 49 жастағы Арман Шаққалиев – сауда және интеграция министрі. 59 жастағы Нұржан Нұржігітов – су ресурстары және ирригация министрі. 55 жастағы Ақмарал Әлназарова денсаумин ретінде қызметін жалғастырады. 60 жастағы Айдарбек Сапаров – ауыл шаруашылығы министрі. 49 жастағы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып Асқарбек Ертаев қайта тағайындалды. Одан бір жас кіші Мәди Такиев – қаржы министрі. Ғылым және жоғары білім министрі болып 45 жастағы Саясат Нұрбек қайта тағайындалды. 42 жастағы Ербол Мырзабосынов – туризм және спорт министрі.

Елдің жаңа Конституциясы бойынша премьер-министрдің ұсынуымен үкімет құрылымын президент айқындайды. Президент құрылтаймен консультациядан кейін премьер-министр ұсынған үкімет мүшелерін тағайындайды. Ал сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін дербес тағайындайды.

Құрылтай премьер-министрді тағайындауға келісім беруден қайта бас тартса, президент құрылтайды таратуға құқылы. Құрылтай келісімімен тағайындалатын лауазымға президент ұсынған кандидатураны тағайындауға келісім беруден Құрылтай қайта бас тартса да президент құрылтайды тарата алады.

Tags: ескі министржаңа үкіметқайта тағайындауқұрылтайпремьерүкімет
Келесі
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Ақорданы "басып алмақ болғандарға" 8 жыл түрме жазасы сұралды

Соңғы жазбалар

Қаңтар оқиғасынан кейін құрылған Арнайы операциялар күштеріне жаңа қолбасшы тағайындалды

Қаңтар оқиғасынан кейін құрылған Арнайы операциялар күштеріне жаңа қолбасшы тағайындалды

12 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Дат, тақсыр! Құрылтайда тіркеуден шеттелген журналистке Журналистер одағы араша түсті

8 октября, 2026
Каспийдегі қасірет құрылтайдағы депутатты қорғаныс министрлігіне әкелді

Каспийдегі қасірет құрылтайдағы депутатты қорғаныс министрлігіне әкелді

7 октября, 2026
14 теңізшінің қазасы. Каспийдегі әскери жаттығуға қатыспаған қолбасшы қамалды

14 теңізшінің қазасы. Каспийдегі әскери жаттығуға қатыспаған қолбасшы қамалды

6 октября, 2026
Каспийдегі қазадан 10 күн өткенде. Тексеру комиссиясы Ақордада бас қосты

Каспийдегі қазадан 10 күн өткенде. Тексеру комиссиясы Ақордада бас қосты

5 октября, 2026
Плагиаттық дауы. Президенттің депутат жиені туралы мақала «қолды болды»

Плагиаттық дауы. Президенттің депутат жиені туралы мақала «қолды болды»

2 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.