• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Таңдаулы

Мойны қиылған мұнай жолы. Каспий консорциумы қазақ мұнайын қайта қабылдай бастады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
27.07.2026
Қазақстан мұнайының экспорты кемуі мүмкін
Share on FacebookShare on Twitter

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдауды және оны Новороссийск теңіз терминалы арқылы тиеу операцияларын қайта бастады.

Бұл туралы Қазақстан энергетика министрлігі хабарлады.

Минситрліктің мәліметінше, КҚК-ның екі айлақ құрылғысында SEAMAJESTY және MILOS танкерлеріне мұнай тиеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екі кеме де «Теңізшевройл» компаниясы өндірген мұнайды қабылдауда.

Мұнай қабылдаудың қайта жандануы мұнай өндіруші компанияларға шикізатты құбыр жүйесіне жеткізуді жалғастыруға және теңіз терминалы арқылы экспорттық операцияларды қайта бастауға мүмкіндік береді.

«Теңіз терминалындағы операциялар ағымдағы жағдайды бағалау және қауіпсіздік талаптарын сақтау ескеріле отырып жүргізіліп жатыр», — делінген министрліктің хабарламасында.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, ведомство КҚК басшылығымен, ірі жүк жөнелтушілермен және үдеріске қатысушы өзге де тараптармен тұрақты байланыста жұмыс істеп келеді.

Министрлік жағдайды бақылауды жалғастырып, қазақстандық мұнайды одан әрі тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарды үйлестіріп жатқанын айтады

Айта кетейік, 20 шілдеде Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында Қазақстан мұнайын тиеп жатқан екі танкерге ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасалған. Осыдан кейін мұнай экспортын тиеу уақытша тоқтатылған болатын. Шабуыл кезінде Nordic Zenith, ASIA, NISSOS IOS және NELSA танкерлері терминалда болған. КҚК мәліметінше, бірнеше кеме мұнай тиеу барысында шабуылға ұшырап, өрт шыққан.

Қазақстан КҚК арқылы мұнай тасымалдаған азаматтық кемелерге жасалған шабуылды қатаң айыптаған.

Tags: КҚКНовороссийскТеңізшевройл

Соңғы жазбалар

Қазақстан мұнайының экспорты кемуі мүмкін

Мойны қиылған мұнай жолы. Каспий консорциумы қазақ мұнайын қайта қабылдай бастады

27 июля, 2026
Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

25 июля, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Прокурор Ермек Нарымбаевты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

24 июля, 2026
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Сайлауда сауалнама жүргізетін ұйымдар аталды

22 июля, 2026
Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

20 июля, 2026
ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

145 орындық құрылтай депутаттығына жеті партиядан 546 кандидат ұсынылды

16 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.