Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов құрылтай депутаттығына елде тіркелген жеті саяси партиядан жиынтығы 546 кандидат ұсынылғанын хабарлады.
Мәліметке қарағандар партиялар мынандай ретпен тіркелген.
«Ақ жол» – 63 кандидат;
«Ауыл» – 69;
«Әділет» – 186,
«Байтақ» – 47,
Қазақстанның халық партиясы – 72,
ЖСДП – 33;
Respublica – 76 кандидат ұсынған.
Енді ОСК ұсынылған кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігін тексеруге кіріседі. Ал партиялық тізімдерді тіркеу 23 шілде күнгі сағат 18:00-ге дейін жалғасады.
Заңға сәйкес, сайлауға қатысатын партиялар әр кандидат үшін 1,275 млн теңге көлемінде сайлау жарнасын төлейді. Алайда алғашқы Құрылтай сайлауына қатысатын және бұрынғы сайлауда белгілі бір межеден өткен партияларға жеңілдік қарастырылған.
ОСК өкілі құрылтай депутаттығына кандидат кез келген кезеңде Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш беріп, партиялық тізімнен шыға алатынын айтады. Әзірге мұндай оқиға тіркелмеген.
1 шілдеде күшіне енген жаңа Конституция бойынша президент Тоқаевтың ұсынысымен екі палаталы парламенттің орнына бір палаталы парламент құрылған. Құрылтай аталған парламентке 145 депутат сайлануы керек.







