• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жасылдардың жанжалы. «Байтақ» партиясы құрылтайға бір топ кандидат атады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
09.07.2026
Қазақстандық белсенді Мәскеуден қайтарылды
Share on FacebookShare on Twitter

9 шілдеде «Байтақ» жасылдар партиясының сиезі өтіп, ұйым алдағы құрылтай сайлауына ұсынатын кандидаттарын атады.

Tiek сайтының хабарлауынша, жиын басталғанда осы партияның мүшесіміз деген бір топ адам ішке кіре алмай, сыртта қалып, әлеуметтік желіге видеоларын таратты.

Жиын барысында «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай сөйлеп жатқан кезде де саяси кеңес мүшесі Асқар Иманалиев өзі сұранып мінберге шықты. Партияның күн тәртібіне көңілі толмайтынын айтқан ол 2023 жылғы сайлаудағы нәтижеге көңілі толмайтынын білдірген.

Партияның өзге мүшелері мұны «арандату» деп бағалап, қарсылық танытып жатты. Соған қарамастан Асқар Иманалиев сөзін жалғастыра берді. Тіпті «Партия төрағасын ауыстыру мәселесін күн тәртібіне қою керек»,-деген ұсыныс айтты. Алайда, партия төрағасы Азаматхан Әміртай «партия жарғысына сәйкес барлық аймақтың өкілі болу керек»,-деп басшы ауыстыру мәселесін қабылдамауды ұсынды.

Ол ұсынысқа бір ғана адам қарсы болып, бұл мәселе күн тәрбінінен алынып тасталды. Содан кейін партиялық тізім жарияланды. Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттардың ішінде төрағамен сөз таластырған Асқар Иманалиев те бар. Партия алдағы парламент сайлауынан өз үміткерлерінен 51 адамды атаған.

Еске сала кетсек, «Байтақ» партиясы 2023 жылы өткен сайлау нәтижесі бойынша шектік дауыс жинай алмай, мәжіліске өте алмаған. Сол кезде де Азаматхан Әміртай жасылдар партиясының басшысы қызметінен алынып, «Байтақ»партиясының құрамынан шығарылғаны туралы ақпарат тараған. Тіпті партияның жаңа басшылары да аталғанымен, артынан Азаматхан Әміртаев оның бәрін жоққа шығарған.


Tags: Азаматхан ӘміртаевБайтақжасылдар партиясықұрылтайсайлау
Келесі
Ол «иә» деді. «Әділет» бұрынғы билікшіл партиямен қосылуға келісім берді

Қазақ еліне +186 кандидат. Жаңа партия 145 орындық парламентке ұсынған үміткерлерімен үркітті

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.