• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астана күні. Президент экс-президентті туған күнімен құттықтады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
06.07.2026
Астана күні. Президент экс-президентті туған күнімен құттықтады
Share on FacebookShare on Twitter

6 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды 30 жылдай басқарып, қызметтен кеткен Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтауы жарияланды.

Президент құттықтауында экс-президенттің заманауи қазақ мемлекеттілігінің негізін қалау, экономикалық әлеуетін нығайту және халықаралық аренадағы орны мен беделін бекемдеу жолындағы тарихи миссиясы деген мәселелерге тоқталған.

Экс-президентке мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тілеген Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың астананы көшіру шешімінің айрықша маңызды болғанын айтқан.

«Елорданың Сарыарқа төсіне көшірілуі Қазақстанның жан-жақты өркендеуіне тың серпін берді. Бүгінде Астана қарыштап дамып, әлемдегі көрікті шаһардың біріне айналып келеді», — делінген құттықтауда.

Президенттің бұл құттықтауы Ақорданың ресми сайтында жарияланған жоқ. Ал сайтта жарияланған тағы бір құттықтауында ел басшысы Астананы маңызды шешімдер қабылданатын бас қала ретінде атаған.

Президент Тоқаев Астананың халықаралық беделі артып келе жатқанын, өңірлік және жаһандық деңгейдегі маңызды мәселелердің осы қалада талқылануы соның дәлелі екенін жеткізді. Ол елорда жауапты азаматтық ұстанымға, «Заң мен Тәртіп» пен «Таза Қазақстан» қағидаттарына негізделген жаңа қоғамдық этиканың үлгісі болуы тиіс екенін атап өткен.

2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаев оған дейін иеленіп келген «елбасы» мәртебесінен айрылған болатын. Президент осы оқиғадан соң Назарбаевты жеңіл айыптайтын пікірлер айтып қалғанымен, қатаң сынамаған. Алайда Назарбаев жоғары биліктен кеткеннен кейінгі кеңсесі болды делінген «кітапхана» мен Ақорда арасында салқындық пайда болған.

Tags: Астана күніқұттықтауНазарбаевТоқаевтуған күн
Келесі
Туризмге — кедергі. Президент жол мен инфрақұрылымның нашарлығын енді көрді

Өз құқығы. Президент Тоқаевтың тағы да сайлауға түсе алатыны жарияланды

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.