• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жаңа бекітілген «Ясауи» ордені алғаш болып Ердоғанға бұйырды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
14.05.2026
Жаңа бекітілген «Ясауи» ордені алғаш болып Ердоғанға бұйырды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркия басшысының Астанаға сапары аясында президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойды.

Түркия президенті 13 мамырда Қазақстан астанасына мемлекеттік сапармен келген.

«Екіжақты келіссөздер мен Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысының қорытындысы бойынша президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен президент Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойды», — делінген бейсенбі күнгі хабарламада.

Екі елдің ресми делегация мүшелері мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейдегі мынандай реттегі құжаттармен өзара алмасты.

1. 1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттама;

2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды құру, аталған мәдени орталықтардың жұмыс істеуі және қызметі туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім;

4. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен TAV Holding компаниясы арасындағы инвестициялық келісім;

5. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі арасындағы «Абай-Акиф» бірлескен бағдарламасын құру ниеті туралы келісім;

6. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Түркия Республикасы Ұлттық білім министрлігі арасындағы Қазақстан Республикасында «Маариф» Түрік қорының екі мектебін ашу ниеті туралы меморандум;

7. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына қарасты «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Түркия Телерадио корпорациясы (ТРТ) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

8. Аурухана құрылысын қаржыландыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;

9. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен Türkiye Petrolleri Anonim Ortaklığı арасындағы мұнай сервисі қызметтерін көрсету мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы келісім;

10. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен Türkiye Petrolleri Anonim Ortaklığı арасындағы мұнай-газ жобаларын бірлесіп іске асыру мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

11. «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Ыстанбұл қаржы орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

12. «АНКА» ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіретін және оларға сервистік қызмет көрсететін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;

Сонымен қатар Түркия президентінің мемлекеттік сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстандық халықаралық даму агенттігі (KazAID) мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) арасындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

2. «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы (Astana International Exchange Ltd.) мен «Ыстанбұл қор биржасы» акционерлік қоғамы (Borsa Istanbul Anonim Şirketi) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Сапары барысында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды президент Тоқаев «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады. Ердоған — Қазақстанда таяуда ғана бекітілген аталған орденнің алғашқы иегері.

Астанадағы мемлекеттік сапары аяқталған соң Түркия президенті 14-15 мамырда Түркістан қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының басқосуына да қатысады.

Tags: АстанаЕрдоғанмемлекеттік сапарТүркістанЯсауи ордені
Келесі
ТМҰ-ны тербейтін ұсыныстар айтылды. Президент саяси науқанды да Ясауиге тіреді

ТМҰ-ны тербейтін ұсыныстар айтылды. Президент саяси науқанды да Ясауиге тіреді

Соңғы жазбалар

ҰҚК Әбілязовқа қатысты аталатын бельгиялық инвесторға іздеу жариялады

ҰҚК Әбілязовқа қатысты аталатын бельгиялық инвесторға іздеу жариялады

22 мая, 2026
1,4 млрд долларлық шағым. Астанадағы сотта Украина компаниясы «Газпромды» жеңді 

1,4 млрд долларлық шағым. Астанадағы сотта Украина компаниясы «Газпромды» жеңді 

21 мая, 2026
«Азаттық» радиосы қазақ қызметінің веб сайты әлі де ашылмай тұр

«Азаттық» радиосы қазақ қызметінің веб сайты әлі де ашылмай тұр

20 мая, 2026
Олжастың 90 жастық мерейтойы ақынның қатысуынсыз өтті

Олжастың 90 жастық мерейтойы ақынның қатысуынсыз өтті

19 мая, 2026
Назарбаевтың туған күніне қарай құрылысы басталған LRT Тоқаевтың туған күні алдында іске қосылды

Назарбаевтың туған күніне қарай құрылысы басталған LRT Тоқаевтың туған күні алдында іске қосылды

16 мая, 2026
ТМҰ-ны тербейтін ұсыныстар айтылды. Президент саяси науқанды да Ясауиге тіреді

ТМҰ-ны тербейтін ұсыныстар айтылды. Президент саяси науқанды да Ясауиге тіреді

15 мая, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.