• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Депутат облыс әкімі болып тағайындалды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
08.05.2026
Депутат облыс әкімі болып тағайындалды
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қызылорда облысы әкімі қызметіне Мұрат Ергешбаев тағайындалды.

60 жастағы Ергешбаев 2023 жылдан бері мәжіліс депутаты болған. Ал оған дейін Қызылорда облысында Қармақшы, Шиелі, Қазалы және Сырдария аудандарының, Қызылорда қаласының әкімі тәрізді аймақ басшылығы қызметтерін атқарған.

Мұрат Ергешбаев 1966 жылы 12 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылы президент жанындағы Мемлекеттік басқарудың Ұлттық жоғары мектебінде оқуын аяқтап, мемлекеттік қызмет менеджері мамандығын алған. Ол өзінің еңбек жолын 1989 жылы Сырдария ауданындағы кеңшарда экономист болып бастаған.

1990 жылдан 1993 жылға дейін Сырдария агроөнеркәсіптік бірлестігінің өндірістік-экономикалық бөлімінің бастығы қызметін атқарған. Содан кейін маман, несие бөлімінің бастығы, «Әлем Банк Қазақстан» Қызылорда облыстық кеңсесінің бастығының орынбасары (1993-1996) болған.

1996 жылы Қызылорда облысы әкімінің орынбасарының кеңесшісі қызметінде болды. 1998 жылдан бастап «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалын басқарды.

Кейін әлеуметтік қорғау және қаржы саласында бірнеше лауазымдарды атқарды, соның ішінде Қызылорда облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары (2002-2004) және Қызылорда қаласы әкімі аппаратының қаржы бөлімінің басшысы (2004-2006) болды.

2006 жылы төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт сөндіруші» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, 2008 жылдан 2010 жылға дейін Қызылорда қаласының әкімі қызметін атқарған. Содан кейін Қызылорда облысының қаржы департаментінің басшысы (2010-2011), Қармақшы ауданының әкімі (2011-2013) және Шиелі ауданының әкімі (2013-2015) болды.

2015 жылдан 2017 жылға дейін «ҚазАгроӨнім» АҚ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды.

2017 жылдан 2021 жылға дейін Қазалы ауданының әкімі, ал 2021 жылдан 2023 жылға дейін Қызылорда облысы Сырдария ауданының әкімі қызметін атқарды.

2023 жылдың наурыз айынан бастап AMANAT партиясының партиялық тізімі бойынша 8-ші шақырылымдағы парламент мәжілісінің депутаты.

Бұрын Қызылорда облысын басқарып келген Нұрлыбек Нәлібаев 6 мамырда премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалған. Сол қызметті атқарып келген Роман Скляр президент әкімшілігінің жетекшісі болып бекітілді. Ал президент әкімшілігін басқарып келген Айбек Дәдебай 7 мамыр күні «Әділет» партиясының құрылтай съезінде партия төрағасы болып сайланды.

Tags: әкімЕргешбаевҚызылорда
Келесі
Көкшетаудағы өлімге соқтырған жол апаты. Бірден екі қылмыстық іс қозғалды

Көкшетаудағы өлімге соқтырған жол апаты. Бірден екі қылмыстық іс қозғалды

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.