• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
10.04.2026
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты
Share on FacebookShare on Twitter

Тамыз айында Қазақстанда парламент сайлауы өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жөнінде 10 сәуірде ғалымдарды марапаттау кезінде айтты.

Қазақстанда 12 сәуір — ғалымдар күні, президент сол қарсаңда Ақордада ғалымдарды марапаттап, жас ғалымдарға үйдің кілтін табыс етті.

«Мемлекет басшысы ретінде еліміз үшін елеулі оқиғалар туралы алдын ала ақпарат беру өте маңызды деп санаймын. Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі жарлыққа қол қоямын. Сайлау биыл тамыз айында өтеді. Мұны әдейі ерте айтып отырмын. Өйткені партиялардың жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты болуы керек,»- деген президент Тоқаев Ақордада ғалымдармен кездесуінде.

Айтуынша, Құрылтай сайлауы «Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін жаппай «қайта құруға» жол ашатын» көреді.

2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өткен. Ресми қорытынды бойынша, 73,12 пайыз сайлаушы дауыс беріп, солардың 87,15 пайызы жаңа Конституция жобасын қолдаған. Бұдан соң жаңа негізгі заң 1 шілдеде күшіне енетіні хабарланған. Жаңа Конституция бойынша парламент сайлауы мерзімінен бұрын өткізілмек. Тиісінше президент сайлауы қайтадан өте ме, бұл туралы әзірге нақтыланған жоқ. Бұған дейін президенттің ескі Конституция бойынша 2029 жылға дейін қызметте болатыны айтылған. Алайда бұл айтылғандарға құқықтық баға берілген жоқ.

Tags: ғалымдар күніқайта құруҚұрылтайсайлаутамызТоқаев
Келесі
Иран мен АҚШ Исламабадтағы келіссөзде де мәмілеге келе алмады

Иран мен АҚШ Исламабадтағы келіссөзде де мәмілеге келе алмады

Соңғы жазбалар

«Сағынумен күн кешем мен ертеңді…» Ақын қазасынан соң қайда жерленетіні әртүрлі хабарланды

«Сағынумен күн кешем мен ертеңді…» Ақын қазасынан соң қайда жерленетіні әртүрлі хабарланды

20 апреля, 2026
«Өзім де БҰҰ-да қызмет еттім» деген Тоқаев ұйымды өзгерту ұсыныстарын айтты

«Өзім де БҰҰ-да қызмет еттім» деген Тоқаев ұйымды өзгерту ұсыныстарын айтты

17 апреля, 2026
Әскери қызметкерлер атысқан ба? Бірі қаза тапты, бірі ауыр жараланды

Әскери қызметкерлер атысқан ба? Бірі қаза тапты, бірі ауыр жараланды

16 апреля, 2026
Қазақ еліне +1 саяси партия ма? Бұрынғы атаумен тағы бір бірлестік өзін жария етті

Қазақ еліне +1 саяси партия ма? Бұрынғы атаумен тағы бір бірлестік өзін жария етті

16 апреля, 2026
Мадьярдың мерейі үстем болып, Орбан оппозицияға кетпек

Мадьярдың мерейі үстем болып, Орбан оппозицияға кетпек

13 апреля, 2026
Иран мен АҚШ Исламабадтағы келіссөзде де мәмілеге келе алмады

Иран мен АҚШ Исламабадтағы келіссөзде де мәмілеге келе алмады

13 апреля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.