• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақорда Таяу Шығыстағы ахуалға алаңдаушылық білдірді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
24.03.2026
дрон, Иран
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығыс бейтарап елдерді де шарпығанына алаңдышылық білдірді. Қазақстан басшысы соғысқа қатысы жоқ БАӘ-нің және Парсы шығанағындағы басқа елдердің егемендігін, аумақтық тұтастығын бұзбауға, шиеленісті дипломатиялық жолмен шешуге шақырды.

Тоқаев бұл туралы 23 наурызда БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдағанда айтқан.

Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев бейбіт келіссөздер өткізу үшін алаң ұсынуға дайын екенін білдірген.

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға соғыс бастап, кейін Иран жауап ретінде АҚШ-тың әскери базалары орналасқан БАӘ, Катар, Бахрейн, Кувейт елдеріне соққы жасаған. Тегеран бұл елдердегі АҚШ-тың әскери нысандарына ғана шабуылдағанын айтады.

Тоқаев 28 ақпаннан бері Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты бірнеше рет мәлімдеген жасаған. 1 наурызда ол БАӘ, Сауд Арабиясы, Қатар, Бахрейн және Кувейт мемлекеттерінің басшыларына қолдау білдіріп, «достас әрі бауырлас елдердің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлық әскери әрекетті» айыптаған. Иран дрондарының Әзербайжанның Нахчыван әуежайына жасаған соққысын да қатаң айыптаған еді. 15 наурызда Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция референдумына дауыс бергенде Иранда қос биліктің болмауы керегін және Қазақстан оны өткергенін еске салған болатын.

“Иранда діни билік негізгі бағыт-бағдарды айқындап, шешім қабылдайды. Президент те бар, бірақ ол — формальды мемлекет басшысы, іс жүзінде ықпалды тұлға саналмайды. Жалпы, кез келген елде, соның ішінде Қазақстанда қос билік болмауға тиіс. Кезінде мұндай жүйені біз де бастан өткердік, бірақ баянсыз болды. Төрт жыл бұрын еліміздің ішкі тұрақтылығына қауіп төнді. Бұл Қазақстанға да, басқа мемлекеттерге де үлкен сабақ болды деп ойлаймын. Біз Иран халқына, оның мәдениеті мен тарихына құрметпен қараймыз. Сондықтан өз ұстанымымыздан айныған жоқпыз, әрдайым бейбітсүйгіш ел болып қала береміз”, — деген еді президент Тоқаев.

Tags: әл-АрикиБАӘИранПарсы шығанағыТаяу Шығыс
Келесі
Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс болды. Босаған Досаев қайда бармақ?

Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс болды. Босаған Досаев қайда бармақ?

Соңғы жазбалар

Халықаралық ұйымдар Орталық Азия елдері билігін тәуелсіз БАҚ мүддесіне нұқсан келтірмеуге шақырды

Халықаралық ұйымдар Орталық Азия елдері билігін тәуелсіз БАҚ мүддесіне нұқсан келтірмеуге шақырды

12 мая, 2026
Көкшетаудағы өлімге соқтырған жол апаты. Бірден екі қылмыстық іс қозғалды

Көкшетаудағы өлімге соқтырған жол апаты. Бірден екі қылмыстық іс қозғалды

11 мая, 2026
Депутат облыс әкімі болып тағайындалды

Депутат облыс әкімі болып тағайындалды

8 мая, 2026
Ақордадан шыққан шенеунік 2 күннен соң жаңа партияның төрағасы болды

Ақордадан шыққан шенеунік 2 күннен соң жаңа партияның төрағасы болды

7 мая, 2026
Ел мақтаған әкімді Ақорда жақтаған. Премьердің бірінші орынбасары тағайындалды

Ел мақтаған әкімді Ақорда жақтаған. Премьердің бірінші орынбасары тағайындалды

6 мая, 2026
Роман Скляр туған күні тақағанда Ақордаға қызметке шақыртылды

Роман Скляр туған күні тақағанда Ақордаға қызметке шақыртылды

5 мая, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.