• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
17.03.2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Share on FacebookShare on Twitter

Қоғам белсендісі Оразалы Ержанов тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылды. Бұл туралы 16 наурыз күні «Гиперборей» YouTube-арнасының авторы, журналист Вадим Борейко хабарлады.

Ержанов Қазақстан Конституциясы жобасы бойынша референдумға «ақылды бойкот» жасау жөнінде бастама көтергеннен кейін ұсталған. Референдумға шығарылған құжатты сынға алған белсенді жобаға келіспейтін азаматтарды дауыс беруге қатысудан бас тартатыны жайлы Референдум жөніндегі орталық комиссияға өтініш жазып, оның тіркелгенін растайтын барлық құжатты электронды түрде Ержанов көрсеткен мессенджер нөміріне жіберуге үндеген.

26 ақпанға қараған түні Ержановтың үйінде тінту жүргізілгеннен кейін ол 10 күнге қамауға алынды. Полиция «сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіру фактісі бойынша» іс тергеліп жатқанын хабарлаған.

«Әлеуметтік желілерде шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат, референдумға бойкот жариялауға шақырулар және шетелдік юрисдикцияда тіркелген байланыс нөмірлерін пайдалану арқылы азаматтарды жаңылыстыруды көздейтін өзге де мәліметтер қамтылған жарияланымдар анықталды-«, делінген полиция мәлімдемесінде.

Жақтастарының айтуынша, Ержановтың Facebook-тегі аккаунтынан оның Конституцияны сынаған және референдумге бойкот жариялау идеясы жазылған барлық жазбасы жоғалып кеткен.

5 наурызда Алматы соты Ержановты екі ай қамауда ұстауға санкция берген еді. Ал 16 наурызда, Конституция бойынша референдум өткен күннің ертесіне сот шешімімен ол абақтыдан үйқамаққа ауыстырылды.

Оразалы Ержанов – заңсыз алынған активтерді қайтару мәселелерімен айналысатын Elge Qaitaru қоғамдық қорының жетекшісі. Ол ұсталар алдындағы соңғы сұхбатын ّAra media-ның Youtube желісіндегі арнасына берген болатын.

16 наурызда Референдум жөніндегі орталық комиссия жариялаған алдын ала қорытындыға сәйкес, дауыс беруге қатысқан қазақстандықтардың 87,15 пайызы Конституция жобасын қолдап, 9,83 пайызы қарсы болған. Дауыс беру құқығына ие азаматтардың 73,1 пайызы референдум бюллетенін алған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әзірленген Конституция жобасына сын айтушылар ондағы өзгертулер президент билігін одан сайын күшейтіп, заң шығарушы билік тармағының ықпалын әлсіретеді және азаматтық еркіндіктерді шектейді деп есептейді. Ал ресми Астана жаңа Конституция елдің «ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз етуге» бағытталғанын айтады.

Tags: бойкотЕржановкедергіОразалыреферендумүйқамақ
Келесі
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияны сынаған белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияны сынаған белсенді Боқаев ұсталды

Соңғы жазбалар

Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

14 июля, 2026
Бұрын сотталған бұрынғы президент тағы 2 жылға бас бостандығынан айырылды

Бұрын сотталған бұрынғы президент тағы 2 жылға бас бостандығынан айырылды

13 июля, 2026
1,4 млрд долларлық шағым. Астанадағы сотта Украина компаниясы «Газпромды» жеңді 

Amanat депутаттарының заңдылығын тексеруге арызданған журналистке Конституциялық соттан жауап келді

12 июля, 2026
Ол «иә» деді. «Әділет» бұрынғы билікшіл партиямен қосылуға келісім берді

Қазақ еліне +186 кандидат. Жаңа партия 145 орындық парламентке ұсынған үміткерлерімен үркітті

10 июля, 2026
Қазақстандық белсенді Мәскеуден қайтарылды

Жасылдардың жанжалы. «Байтақ» партиясы құрылтайға бір топ кандидат атады

9 июля, 2026
«Мәскеу көз жасына сенбейді». Қала 200 шамалы дрон нысанасына ұшырады

Министрлік Ресейге шабуылдың қазақ жерінен жасалу мүмкіндігін жоққа шығарды

8 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.