• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Украина бойынша қарар. Қазақстан АҚШ пен Қытайға қосылып қалыс қалды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
25.02.2026
Украина бойынша қарар. Қазақстан АҚШ пен Қытайға қосылып қалыс қалды
Share on FacebookShare on Twitter

БҰҰ Бас ассамблеясында Украинадағы бейбітшілік бойынша қарарға дауыс берген Қазақстан қалыс қалды. Қалыс қалғандар арасында Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения бар.

Азаттық радиосының хабарлауынша, «Украинадағы баянды бейбітшілікті қолдау» деп аталатын қарарды жалпы 107 мемлекет қолдап, 12 ел қарсы шыққан. Қолдамағандар арасында Ресей, Беларусь, Иран, Куба, Судан бар.

51 ел қалыс қалды. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Үндістан, ОАР, Бразилия, Сербия, Венгрия сияқты елдер бар. АҚШ өкілі Тэмми Брюс қарарда бейбітшілік жөнінде келіссөздерге «кесірін тигізетін сөйлемдер болғандықтан» қалыс қалғанын айтты.

Ресей Украинаға әскери шабуылын бастағанына 4 жыл толған 24 ақпан Нью-Йоркте өткен дауыс беру процесіне Әзербайжан мен Түркіменстан қатыспаған.

Қарар Украинаның «егемендігін, тәуелсіздігі мен бірлігін және халықаралық дәрежеде мойындалған шекара аясындағы аумақтық тұтастығын» қуаттайды.

Онда Ресей мен Украинаны «жедел, толық әрі ешқандай шартсыз бітімге келуге» және «халықаралық құқық аясында жан-жақты, әділ әрі баянды бейбітшілік орнатуға» үндейді. Бұған қоса құжат әскери тұтқындарды, заңсыз ұсталғандар мен күштеп көшірілгендерді дереу босатуға шақырады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарынан айырмашылығы – Бас ассамблея қарары тек ұсыныс түрінде айтылады, ешкімге міндет жүктемейді.

Қарар жобасын Украинаның БҰҰ жанындағы миссиясы ұсынған. Дауыс беру нәтижелері шыққан соң Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига қарарды қолдаған елдерге алғыс айтты.

«Шешуші сәтте халықаралық қауымдастық ойын ашық білдіруі тиіс. Бүгін солай болды. Біз үшін бұл жай ғана кезекті дауыс беру емес. Бұл – Украина жалғыз емес екендігінің, БҰҰ хартиясындағы принциптер әлі де маңызды екенінің тағы бір айғағы. Бұл анық месседжді қолдаған 107 мүше мемлекетке алғыс білдіреміз» деп жазды Сибига Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ресей сыртқы істер министрлігі қарарда Мәскеуге «негізсіз айып тағылған» деп сынға алды және оны «біржақты әрі саясиланған құжат» деп сипаттады.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш тараптарды бейбіт тұрғындар мен инфрақұрылымға шабуылды тоқтатуға, ал ұйымға мүше елдерді гуманитарилық операциялардық қаржыландыруға шақырды.

Tags: Бас ассамблеяБҰҰдауыс беруУкраина
Келесі
Депутат сауалы. Қазақ шенеуніктерін Эпштейнмен не байланыстырады?

Депутат сауалы. Қазақ шенеуніктерін Эпштейнмен не байланыстырады?

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.