• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Емделуге кеткен Тәшиев қызметінен айрылды. Өзі «күтпеген оқиға» дейді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
11.02.2026
Емделуге кеткен Тәшиев қызметінен айрылды. Өзі «күтпеген оқиға» дейді
Share on FacebookShare on Twitter

10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиевті мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) төрағасы және вице-премьер қызметінен босатты.

«Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров жарлыққа қол қойды, оған сәйкес Қырғыз Республикасы Конституциясының 70-бабы 1-бөлігінің 4-тармағына, 71-бабына сәйкес Қамшыбек Қыдыршайұлы Тәшиев министрлер кабинеті төрағасының орынбасары — Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды», — делінген сейсенбі күнгі Қырғызстан президентінің сайтындағы хабарламада.

Германияда жүрегіне ота жасалды деген Қамшыбек Тәшиев те бұған өзінің реакциясын білдіріп, әлеуметтік желіге жазба қалдырған.

«Мен ауырып қалып, Президенттің рұқсатымен Германияға келгенмін. Бұған дейін ота (операция) жасалған жерді тексерту керек болды. Бірақ кеше мені жұмыстан босатыпты, бұл мен үшін күтпеген оқиға болды. Қалай болғанда да, біз Президенттің шешімін орындауға міндеттіміз. Мемлекетіміздің, халқымыздың және Президентіміздің алдында адал қызмет еттім және оны мақтан тұтамын! Тек жеке құраммен қоштасуға мүмкіндік бермегені өкінішті! Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) әрбір қызметкеріне алғыс айтамын, сәттілік тілеймін! Ал елімізде тыныштық пен тұрақтылық болуы үшін ешкім ешқандай заңсыз іс-әрекеттерге бармауы тиіс және әрбір қадамымыз заң шеңберінде болады!»- деген Қамшыбек Тәшиев.

Осы уақытқа дейін Тәшиев Жапаровтың көптен бергі серігі әрі жақын досы саналып келген. Олар 2010 жылы «Мекенчил» партиясын бірге құрып, «Ата-Жұрт» партиясынан Жогорку Кенештің депутаты болды. Сондай-ақ, бірлесіп наразылық акцияларына қатысты, оның ішінде 2012 жылы Ақ үйді басып алу әрекетіне де қатысқан. Қуғын-сүргінге ұшырап, ал 2020 жылы парламенттік сайлаудан кейінгі жаппай наразылықтар кезінде олардың жақтастары, соның ішінде Тәшиев те бар, Жапаровты колониядан босатты. Осыдан кейін Жапаров қысқа мерзім ішінде президенттің міндетін атқарушы болып, Тәшиевті мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) төрағасы етіп тағайындады.

Бішкекте Тәшиевті қызметтен босатудың нақты себептері әзірге айтылмайды. Сонымен бірге Конституция нормасына сілтеме жасалып, оған сәйкес президент министрлер кабинеті мүшелерін және атқарушы билік органдары басшыларын өз бастамасымен немесе Жогорку Кеңеш пен Халық құрылтайының ұсыныстарын ескере отырып қызметтен босата алатыны айтылған.

Президенттің келесі бір жарлығымен Жұмғалбек Шабданбеков ҰҚМК төрағасы міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Оның кандидатурасы келісу үшін Жогорку Кеңешке жолданған.

Tags: ҚамшыбекТашиевТәшиев
Келесі
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституциялық референдум 15 наурызға белгіленді

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.