• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жаңа Конституция жобасы. Орыс тілін мемлекеттік тілмен «қатар» қолдану ұсынылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
10.02.2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Конституциясы жобасының тіл туралы бабына болмашы өзгеріс енгізілмек. Конституция жобасының мемлекеттік тілге қатысты 9-бабының бірінші тармағы өзгеріссіз қалады. Ал көпшілік арасында қарсы пікір тудырған орыс тілі туралы тармағында «тең» деген сөз «қатар» сөзімен алмастырылады. Бірақ қоғам оған реакция білдіріп, бұл әрекетті сынап, бұрынғыдан көп нәрсе өзгермегенін айтып отыр.

10 ақпанда Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов конституциялық комиссия отырысында осы өзгеріс туралы айтты. Конституцияның жаңа нұсқасында тілге қатысты 9-баптың екінші тармағын былай өзгерту ұсынылды.

«Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылады». Қазіргі нұсқада «орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деп жазылған.

Елде Конституцияны реформалау бастамасы көтерілгеннен бері тіл жанашырлары, белсенділер мен жекелеген саясаткерлер орыс тіліне қатысты тармақты алып тастауды не басқаша жазуды ұсынған. Олардың айтуынша, осы тармақтың салдарынан мемлекеттік тіл өз дәрежесіне көтерілмей тұр.

Tags: Жаңа Конституцияқатартіл
Келесі
Тоқаев үкіметті көзбояушылықтан арылып, нақты нәтижеге жетуге шақырды

Тоқаев үкіметті көзбояушылықтан арылып, нақты нәтижеге жетуге шақырды

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.