• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
14.01.2026
ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліске Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) қызметін реттейтін екі заң жобасы түсті. Құжаттар одақтың әскерін орналастыру мен әскери тасымалдау ережелеріне қатысты.

Азаттық радиосының хабарлауынша, түзетулер аумаққа әскерді жіберу негіздерін кеңейтеді. Олардың арасында дағдарыстың алдын алу, гуманитарлық көмек көрсету мен жоспардан тыс тексеру жүргізу сияқты жайттар бар.

«Келісім тараптардың аумақтарында ҰҚШҰ күштері мен құралдарын уақытша орналастырудың құқықтық негізін реттейді және олардың мәртебесін анықтайды. Түзетулер тараптардың аумағына әскерді орналастыру негіздерін мысалы, дағдарыстың алдын алу, гуманитарлық көмек және жоспардан тыс тексерулерді қарастырады,»- деген мәжіліс депутаты Айгүл Құспан.

Ол жетекшілік ететін халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті заң жобасы бойынша қорытынды әзірлейді. Алдағы уақытта палатаның пленарлық отырыстарының бірінде қаралмақ.

Екінші заң жобасы ҰҚШҰ әскері мен жабдықтарын тасымалдауға қатысты.

«Келісімге енгізілген түзетулер ҰҚШҰ және аталған тасымалдауларды қамтамасыз етуге қатысты құқықтық базаны жетілдіруді көздейді. Бұған қоса, әскери және басқа да құраманы өздерінің міндеттерін орындау бойынша шұғыл шара қабылданған жағдайда, оларды тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тиімділігін арттыруға бағытталған. Комитет осы заң жобасын қарауды қабылдауға және ол бойынша қорытынды дайындауға дайын,»- дейді депутат.

2025 жылғы 27 қарашада Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Бішкекте өткен саммитінде Ресей президенті Владимир Путин ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін арттыра беруге және әскерді Ресейдің әскери техникасымен жабдықтауға шақырған.

ҰҚШҰ-ға Ресей, Беларусь, Армения (бұған дейін Армения ҰҚШҰ-ға мүшелікті тоқтата тұратынын мәлімдеген), Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мүше.

2022 жылы Қазақстанда Қаңтар оқиғасы болған кезде президент Қасым-Жомарт Тоқаев елге «шетелде дайындықтан өткен мыңдаған террорист шабуылдады» деп мәлімдеп (әлі күнге дейін дәлел көрсеткен жоқ), ҰҚШҰ-дан көмек сұраған. Осылайша ҰҚШҰ әскері алғаш рет басқа елдің аумағына кірген.

Қазақстан қоғамында ҰҚШҰ-ға қатысты түрлі пікір бар. Бұған дейін кейбір белсенділер Қазақстан билігін ҰҚШҰ-дан шығуға үндеген. Ал Қазақстан сыртқы істер министрлігі «ҰҚШҰ-дан шығатын ойымыз жоқ» деп мәлімдеген.

Қазақстандық PaperLab зерттеу орталығы жүргізген «Қазақстан қоғамының Қаңтар оқиғасына көзқарасы» атты есепке сәйкес, сұралғандардың 44 пайызы Қаңтар кезінде елге ҰҚШҰ әскерін кіргізуді қолдамаған, 37 пайызы қолдаған.

Келесі
Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді

Трамп Иранға шабуылдан айнып қалды ма?

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.