• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кремльде Путинмен кездескен Назарбаев өзбек президентін Тоқаевтан бұрын құттықтады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
30.12.2025
Кремльде Путинмен кездескен Назарбаев өзбек президентін Тоқаевтан бұрын құттықтады
Share on FacebookShare on Twitter

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияевпен телефон арқылы сөйлесіп екеуі бір-бірін жаңа жылмен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанда ресми хабарланбағанымен, Өзбекстан президентінің ресми сайты мәлімет таратқан.

Ресми мәліметте экс-президент пен президенттің «бір-бірін келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, бауырлас елдердің халқына бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеу тілеген» делінеді.

Өзбекстан президенті сайтының хабарлауынша, 29 желтоқсанда болған әңгіме барысында екі ел арасындағы достық пен стратегиялық серіктестік «жоғары деңгейге жеткені», ал көпжақты әріптестік «басым бағыттар бойынша сатылап дамып жатқаны» сөз болған.

Кремль 27 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге барып, президент Владимир Путинмен кездескенін хабарлаған. Ал Назарбаевтың кездесулері мен телефон әңгімелері туралы экс-президенттің баспасөз қызметі ешқандай ақпарат таратқан жоқ.

Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы наурызда қызметін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырып, отставкаға кеткен. Алайда ол Қанды Қаңтарға дейін өз ықпалын сақтап қалды. Кемінде 238 адамның өмірін қиған Қанды Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаев өзіне берілген көптеген артықшылықтардан айырылып, айналасындағы адамдардың кейбірі қызметінен кетіп, кейбірі сотталды.

Келесі
Үш дүркін әлем чемпионы атанған Бибісара Асаубаеваны Ақорда бірден марапаттады

Үш дүркін әлем чемпионы атанған Бибісара Асаубаеваны Ақорда бірден марапаттады

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.