• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жыл өткенде. Қазақстандағы комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты себебін шамалап түсіндірді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
25 декабря, 2025
Әзербайжаннан Ресейге бет алған ұшақ Ақтау маңына құлады
Share on FacebookShare on Twitter

Ақтаудағы ұшақ апатына «оқ-дәрі бөлігінің элементтері» әсер еткен болуы мүмкін. Қазақстан көлік министрлігінің көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаменті былтыр 25 желтоқсанда Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines компаниясы ұшағының апат себептерін анықтау бойынша аралық хабарламасында осындай қорытынды жасады.

«Жарылғыш заттардың іздері табылған жоқ. Зерттеуге ұсынылған үш оттегі баллонында жарылыс іздері жоқ. Әуе кемесінің зақымдануы болжам бойынша оқ-дәрі бөлігінің элементтері әсерінен болуы мүмкін. Алайда олардың нақты тиесілігін анықтау мүмкін емес» делінген қорытындыда.

Былтыр 26 желтоқсанда Қазақстан көлік министрінің бұйрығымен құрылған апат себептерін тергеп-тексеру жөніндегі комиссия әлі жұмысын жалғастырып жатыр. Комиссия жұмысына Әзербайжан, Ресей, Бразилия өкілдері және Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) бақылаушысы қатысады.

Комиссия қорытындысы бойынша ұшақтың гидравликалық жүйесі «қатты заттар жанасуынан металлдың жыртылуы» салдарынан бүлінген.

Комиссия ұшақтың орталық техникалық қызмет көрсету компьютерінің кассетасындағы деректерді саралай алмаған. Оған «термиялық әсер», яғни құрылғының жоғары температура салдарынан бүлінуі себеп болған.

Комиссия апат салдарын зерттеу мақсатында борттың өзін-өзі жазғыштарын, ұшу параметрлерін, борттың өздігінен жазу құрылғыларын оқып, зеттеген және оқиға болған жерде фото, видеотүсірілім жасаған.

Құжатта комиссияның түпкілікті есебі Қазақстан көлік министрлігінің сайтында жарияланатыны айтылған. Бірақ нақты мерзімі көрсетілмеген.

2024 жылғы 25 желтоқсанда J2-8243 рейсімен Бакуден Шешенстан орталығы Грозныйға ұшып шыққан Embraer ұшағын Ақтау түбіне құлаған. Оқиға салдарынан 38 адам қаза тауып, 29-ы түрлі жарақат алған.

Қаза тапқан 38 адамның алтауы – Қазақстанның, 25 адам – Әзербайжанның, жетеуі — Ресей азаматтары.

Бастапқыда апаттың себебі жөнінде түрлі долбар болды. Ұшаққа Ресей аумағында оқ атылған болуы мүмкін деген болжам айтылғанда, Қазақстанның ресми өкілдері мұны «хайп қуу» деп атап, сын айтқан .

Кейін Әзербайжан президенті Илхам Әлиев апатқа «Ресейдің өкілдері жауапты» деп мәлімдеді. Әлиев Ресейден кінәсін мойындауды және осы оқиғаға кінәлілерді жазалауды талап етті. Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан ұшағының апатқа ұшырауына байланысты кешірім сұрағанымен , жауапкершілікті мойнына алмай келген еді. Тек биыл 9 қазанда Душанбеде Илхам Әлиевпен кездесу кезінде апат Ресей әуе қорғаныс күштері атқан зымыраннан болғанын мойындаған.

Биыл 4 ақпанда Қазақстан Ақтаудағы ұшақ апатын тексерудің алдын ала қорытындысын жариялады. Көлік министрлігі мен ұшақ апатын зерттеу жөніндегі комиссия «ұшақ қаптамасындағы тесіктер сырттан бөгде заттар тигенін көрсетеді» деп жазған.

Келесі
Қазақстанда Украина соғысына қатысқандарға қанша іс қозғалғаны айтылды

Қазақстанда Украина соғысына қатысқандарға қанша іс қозғалғаны айтылды

Соңғы жазбалар

Тапа-тал түсте көшеде тұтанған төбелес. 1 адам қаза тапты, тағы бірі ауыр халде жатыр

Тапа-тал түсте көшеде тұтанған төбелес. 1 адам қаза тапты, тағы бірі ауыр халде жатыр

22 января, 2026
Мәжіліс емес – Құрылтай, мемлекеттік кеңесші емес – вице-президент пе?

Мәжіліс емес – Құрылтай, мемлекеттік кеңесші емес – вице-президент пе?

20 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

Президент тағы да «шын мәніндегі жаңа Конституция» жайлы айтты

19 января, 2026
Қадыровтың апатқа ұшыраған ұлының Мәскеуге жеткізілгені хабарланды

Қадыровтың апатқа ұшыраған ұлының Мәскеуге жеткізілгені хабарланды

18 января, 2026
Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді

Трамп Иранға шабуылдан айнып қалды ма?

15 января, 2026
ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

14 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.