• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Соғысты тоқтатуға мәжбүрлеу». Киев Астананың наразылығына жауап берді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
1 декабря, 2025
«Соғысты тоқтатуға мәжбүрлеу». Киев Астананың наразылығына жауап берді
Share on FacebookShare on Twitter

Украина Қазақстанның Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты жолдаған наразылығына жауап берді. Киев украин жағының әрекеті Қазақстан немесе басқа да үшінші елге қарсы бағытталмағанын баса айтқан.

«Украинаның бірде-бір әрекеті Қазақстан немесе басқа үшінші тарапқа қарсы бағытталмағанын атап өтеміз. Украинаның барлық күш-жігері БҰҰ Жарғысының 51-бабында көрсетілген өзін-өзі қорғау құқығын жүзеге асыру аясында Ресейдің ауқымды басқыншылығын тойтаруға бағытталған», – деп жазылған Украина сыртқы істер министрлігі 30 қарашада таратқан хабарламасында.

Украина өз қарулы күштері «басқыншының жаулап алу және халықты өлтіру әрекетіне жол бермес үшін» оның әскери-өнеркәсіп әлеуетін жүйелі түрде әлсіретуге тырысып жатқанын, сол себепті оның нысандарына шабуыл жасағанын айтқан.

Ресми Киев «Қара теңіз бен одан тыс аумақты тұрақсыздандырып отырған жалғыз фактор — Ресей басқыншылығы» екенін атап өткен.

Украина мәлімдемесінде Қазақстан жағының «Ресейдің Украинадағы бейбіт тұрғындарға, тұрғын үйлерге, азаматтық инфрақұрылымға және елдің энергетикалық жүйесіне, атап айтқанда, Украина атом электр станцияларының қосалқы станцияларына шабуылдарын айыптамағанына» да ерекше назар аударған.

«Кеше Ресей Украинаға 9 сағат бойы зымыранмен және дронмен шабуыл жасады, соның салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тауып, жараланды. Киевтің кем дегенде 500 мың тұрғыны мен Киев облысының 100 мыңнан астам тұрғыны электр қуатынсыз қалды», – деп жазылған мәлімдемеде.

Украина тараптарды «басқыншыны соғысты тезірек тоқтатуға мәжбүрлеуге» күш жұмылдыруға шақырған.

Бұған дейін, 30 қараша күні Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ресейдің Новороссийск портындағы Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына жасалған шабуылға байланысты Украинаға наразылық нотасын жариялаған еді.

Каспий құбыр консорциумы – Қазақстан мен Ресей және әлемдегі жетекші мұнай өндіруші компаниялар қатысып отырған бірлескен аса ірі халықаралық жоба. Құбырдың ұзындығы — 1,5 мың шақырым. Бұл құбырмен негізінен Батыс Қазақстан мұнайы мен Ресей мұнайы тасымалданады.

Ал Қазақстандағы кейбір БАҚ Украина әрекетіне Астананың наразылық білдіргенін хабарлағанымен, Украинаның жауабын жариялай қойған жоқ.

Келесі
«Қосылған құн салығын өсіру елді 90-жылдарғы жағдайға әкелуі мүмкін…»

«Қосылған құн салығын өсіру елді 90-жылдарғы жағдайға әкелуі мүмкін...»

Соңғы жазбалар

Тапа-тал түсте көшеде тұтанған төбелес. 1 адам қаза тапты, тағы бірі ауыр халде жатыр

Тапа-тал түсте көшеде тұтанған төбелес. 1 адам қаза тапты, тағы бірі ауыр халде жатыр

22 января, 2026
Мәжіліс емес – Құрылтай, мемлекеттік кеңесші емес – вице-президент пе?

Мәжіліс емес – Құрылтай, мемлекеттік кеңесші емес – вице-президент пе?

20 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

Президент тағы да «шын мәніндегі жаңа Конституция» жайлы айтты

19 января, 2026
Қадыровтың апатқа ұшыраған ұлының Мәскеуге жеткізілгені хабарланды

Қадыровтың апатқа ұшыраған ұлының Мәскеуге жеткізілгені хабарланды

18 января, 2026
Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді

Трамп Иранға шабуылдан айнып қалды ма?

15 января, 2026
ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

14 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.