• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент өзгертудің көптігіне меңзеп «жаңа Конституция» туралы айтты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
28 ноября, 2025
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды
Share on FacebookShare on Twitter

28 қарашада Астанадағы ауыл әкімдерінің жиынында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «жаңа Конституция» туралы айтты.

“Жалпы, Конституциямызға енгізілетін түзету өте көп болуы мүмкін. Сондықтан референдум барысында халық жаңа Ата Заңға дауыс беретін болады деп айтсақ, қателеспейміз” деді Тоқаев.

Президент биылғы халыққа жолдауында бір палаталы парламент құруды ұсынып, 2027 жылы Конституцияға енгізілетін тиісті өзгерістерді жалпыұлттық референдумға шығаруды айтқан еді.

Тоқаев мәжілістің қазіргі құрамы барлық заңды рәсімдер аяқталғанша, ал сенат жалпыұлттық референдум қорытындысы шығып, жаңа парламент сайлауы өткенге дейін жұмыс істей береді деп айтқан.

Ол жұма күнгі жиында осы ойын жалғастырып, «нағыз кәсіби парламент жасақтау» қажеттігін айтты.

«Парламенттік реформа – екі палатаны жай біріктіре салу деген сөз емес. Меніңше, депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ. Керісінше, оңтайландыру керек, парламенттің жұмысын жетілдіру қажет. Мысалы, бір палаталы жаңа парламентте президент квотасы болмайды. Барлық депутаттар бірдей тәртіппен сайлануы қажет. Бұл – алдағы аарламенттік реформа аясында жасалатын аса маңызды қадам» деді ол.

Ол өз сөзінде елде «тыныштық, тұрақтылық болуы керек, құқық қорғау органдары өз кәсібилігін көрсетуі қажет» деді. Сөз арасында «арандатушыларға немесе «лас, көлеңкелі» саясатпен айналысқысы келетін адамдарға жол бермейміз» деді, бірақ ол арқылы кімді меңзегенін айтпады және нақты адамдардың аты-жөнін атамады.

Қазақстанда қос палаталы парламент елдің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында, 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституцияға сәйкес құрылып, алғашқы құрамы 1996 жылы сайланған. Содан бергі өткен уақыт ішінде құрамы сегіз рет жаңарған сенат 50 депутаттан тұрады: 40-ын жергілікті мәслихаттар жанама жолмен сайлайды, қалған он депутатты президент тағайындайды.

Келесі
«Соғысты тоқтатуға мәжбүрлеу». Киев Астананың наразылығына жауап берді

"Соғысты тоқтатуға мәжбүрлеу". Киев Астананың наразылығына жауап берді

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.