• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Депутат ғайыптан министрден Думан Мұхамедкәрім туралы сұрады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
14.10.2025
Сотта үкім оқылды. Думан Мұхаммедкәрім прокурор сұраған 7 жылға кесілді

Думан Мұхаммедкәрім. Азаттықтың суреті

Share on FacebookShare on Twitter

Дүйсенбі, 13 қазан күні Парламент мәжілісі ішкі істер министрлігінде көшпелі үкімет сағатын өткізіп, онда депутат Ринат Зайытов министр Ержан Сәденовтен қамауда отырған журналист Думан Мұхамедкәрімнің денсаулығы жайлы сұрады.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

«Сіз жаңа баяндамаңызда өте жақсы сөз айттыңыз Ержан Сапарбекұлы. «Түзету мекемесінің мақсаты – сотталғандарды тәрбиелеу» дедіңіз. Мен көп ньюанстарына бармай-ақ қояйын. Бірақ Қызылорда қаласының №60 түзету мекемесінде Мұхамедкәрім Думан Алмасұлы деген сотталушы бар. Оның не үшін сотталғанын, қалай сотталғанын барлықтарыңыз жақсы білесіздер. Мен оған тоқтағым келмейді. Жарайды, тағдыры маңдайына жазылған. Өткенде Ермұрат Сейітқазыұлы [Бапи] сол жігіттің денсаулығына байланысты депутаттық сауал жолдады. Енді келген жауапқа не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің. Ол жауаптан сіз де хабардар шығарсыз. Менің сізге бір жағы өтінішім, бір жағы сұрағым. Мұхамедкәрім Думан Алмасұлының денсаулығын жабдықталған ауруханада тексертіп алу үшін не істеуіміз керек?»- деді мәжіліс депутаты Ринат Зайытов.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов өз жауабында қазір түзету мекемелерінің жанындағы денсаулық сақтау қызметі Ішкі істер министрлігіне қарамайтынын, адам өміріне қауіп болған кезде ауруханаға жатқызу туралы өтінішті дәрігерлер беретінін айтты.

«Мен сіздің сұрағыңызды түсіндім. Қазір қандай екенін қарап көрейік, сізге жауап береміз,»- деді министр.

Былтыр тамызда Қонаев қаласының соты «экстремизмді қаржыландырды» және «тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты» деп айыпталған журналист Думан Мұхамедкәрімді кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырған. Журналистің өзі бұл айыппен келіспейді. Ол соттың ашық өтуін талап етіп, аштық жариялаған. Жақтастары билікті қатты сынап жүрген тәуелсіз журналист саяси ұстанымына бола қудалауға түсті деп санайды.

Келесі

Соңғы жазбалар

Қамалған белсендіні қолдаған мұнайшылар жұмысын бір сағатқа тоқтатты. Адвокат не дейді?

Қамалған белсендіні қолдаған мұнайшылар жұмысын бір сағатқа тоқтатты. Адвокат не дейді?

6 июня, 2026
Белсендінің ұсталуы дау тудырды. Маңғыстау полициясы «көп мөлшердегі есірткі» жайында айтады

Белсендінің ұсталуы дау тудырды. Маңғыстау полициясы «көп мөлшердегі есірткі» жайында айтады

4 июня, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Депутат көрінеу жалған ақпарат тарату айыбына іліккендерге рақымшылық жасауға шақырды

4 июня, 2026
Қонаевты «баяғы жартас» атаған Тоқаев «штрафстан» авторларын айыптады

Қонаевты «баяғы жартас» атаған Тоқаев «штрафстан» авторларын айыптады

2 июня, 2026
Қазақстан Иран уранын сақтап бере алатынын ресми жариялады

Қазақстан Иран уранын сақтап бере алатынын ресми жариялады

1 июня, 2026
Аза күнінде президент үндеумен шектелгенде Еуропа елшілері құрбандар рухына тағзым етті

Аза күнінде президент үндеумен шектелгенде Еуропа елшілері құрбандар рухына тағзым етті

1 июня, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.