• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Қазақтілді мектепті талап еткен белсенді 15 тәулікке қамалды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
23.08.2025
Қазақтілді мектепті талап еткен белсенді 15 тәулікке қамалды
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы қалалық әкімшілік соты Бостандық ауданында ашылайын деп жатқан мектепті аралас мектеп етуге қарсы шыққан белсенді Дархан Ардақұлын 15 тәулікке қамады. Белсендінің өзі 22 тамызда Facebook-та өзінің қамалғанын жазды.

«Мені 15 күнге соттап жіберді, 488 бап, 7 тармақ бойынша “мектепке барамыз” деген сөзімді митингке шақырдың деп айыптады. #215 мектеп қазақ болуын талап етемін. Ешнәрсеге өкінбеймін,»- деп жазды белсенді.

Сот шешімінде 19 тамызда Дархан Ардақұлы «бейбіт жиын өткізу тәртібі туралы» заңды бұза отырып, жергілікті органның рұқсатынсыз бейбіт жиналыс өткізуге шақырғаны», «TikTok» арқылы «20 тамызда 215 мектепке барамыз» деген мазмұндағы мәтінді жариялағаны» жазылған.

Сот отырысында Дархан Ардақұлы өзіне тағылған айыппен келіспеген. Ол «мектепке барамыз» деп TikTok-та жазғанын, бірақ ешкімді жиналысқа шақырмағанын айтқан.

22 тамызда Алматы әкімшілік соты оны 15 тәулікке қамады.

Tizgin.kz сайтының белсенділер мен ата-аналардың сөзіне сүйеніп хабарлауынша, Бостандық ауданында биыл ашылайын деп жатқан жаңа N215 мектеп бастапқыда қазақ тілінде ашылады деп хабарланған, бірақ ашылуы әбден тақалған кезде жергілікті билік өкілдері «айнып қалған». Оның орнына аралас мектеп ашылатынын айтқан. Facebook-та тараған видеолардың бірінде белсенділер бұл ықшамауданда қазақ тілінде оқытатын жалғыз мектеп барын, балаларын қазақ мектебіне бергісі келетін ата-аналар мектеп таппай қиналып отырғанын айтады.

Ата-аналарға сүйенген Tizgin.kz сайтының жазуынша, «№215 мектеп көршілес үйлердегі қазақ тілді балаларды қабылдамаған, өйткені бұл тұрғын үй мектеп аумағына кірмейтінін жеткізген».

Ақпаратқа қарағанда, №215 мектепті аралас мектеп болуын талап етіп отырған ата-аналар да бар. Жергілікті білім басқармасы мектепке қатысты шешім келесі аптада қабылданатынын айтқан.

Алматы қаласының білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов журналистерге мектеп ашылған кезде ата-аналардың сұранысы басшылыққа алынатынын айтады. Оның жауабын Tizgin.kz сайты жариялады.

«Мысалы, соңғы 12 жылда Алматыда жаңадан бой көтерген 24 мектептің 19-ы, яғни 80 пайызы қазақ тілінде болатын. Енді N215 келешектегі мектептер жобасы аясында салынған мектептер ғой. Мектеп ашылған кезде оқыту тілі ата-аналардың сұранысы мен қажеттілігі ескеріледі», — деген ол.

Сенбі күні Азаттық радиосы да аталған жаңа мектеп пен білім басқармасына хабарласып көрген екен, алайда ешкім жауап бермеген.

2024 жылғы ресми мәлімет бойынша, Алматыда 215 мемлекеттік мектеп бар: 77-і қазақ тілінде, 57 мектеп — орыс тілінде, 78 мектеп аралас және 3 мектеп ұйғыр тілінде оқытады. Алматы қаласында жалпы 300 мыңнан астам оқушы бар. Қалада үш ауысымды мектеп жоқ.

Келесі
Алматыда жолаушы өзін-өзі өртеді. Жағдайы өте ауыр

Алматыда жолаушы өзін-өзі өртеді. Жағдайы өте ауыр

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.