• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақ үй құпия қызметінің жетекшісі Кимберли Читл отставкаға кетті

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
24.07.2024
Ақ үй құпия қызметінің жетекшісі Кимберли Читл отставкаға кетті
Share on FacebookShare on Twitter

Бұрынғы президент және биылғы президен сайлауына кандидат Дональд Трампқа қастандықтың алдын ала алмағаны үшін сыналып, тексеріске ұшыраған АҚШ құпия қызметінің жетекшісі (USSS) Кимберли Читл қызметінен кетті. Бұл жөнінде сейсенбі күні Ақ үй хабарлады.

Reuters-тің жазуынша, бұрынғы және қазіргі лауазымды тұлғалардың қауіпсіздігіне жауапты ведомство түсініктеме беру туралы өтінішке бірден жауап қатпаған.

13 шілдеде Пенсильваниядағы сайлауалды митинг кезінде Трамп жарақаттанғаннан кейін АҚШ құпия қызметіне сұрақтар туындаған. Қарулы қылмыскер саясаткерді митинг көрініп тұрған ғимараттың төбесінен атуы мүмкін еді.

22 шілдеде өкілдер палатасының қадағалау комитетінің жиыны кезінде демократиялық және республикалық партия өкілдері ведомствоны және оның жетекшісі Кимберли Читлды қатаң сынады. Читл Пенсильваниядағы митинг кезінде қандай қауіпсіздік шаралары қабылданғаны туралы сұрақтарға жауап беруден бас тартты.

Бірнеше конгресс өкілі Читлды отставкаға кетуге шақырды. Тыңдауға қатысушылар сонымен бірге «АҚШ құпия қызметінің жұмысын бұдан әрі қарай да қадағалауға» уәде берді. Тыңдау кезінде Кимберли Читл Трампқа қастандықты 1981 жылдан бергі ведомствоның ең ірі сәтсіздігі деп атап, жауапкершілікті мойнына алатынын мәлімдеді.

Келесі
Майқайыңдағы апат. 7 айдан асқанда автобус көрінгенімен,  жүргізуші табылмай жатыр

Майқайыңдағы апат. 7 айдан асқанда автобус көрінгенімен, жүргізуші табылмай жатыр

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.