• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Айдос Садықовтың қайда, қашан жерленетіні хабарланды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
04.07.2024
Украинада қастандық жасады деген күдікті Қазақстанда өз еркімен қамалды
Share on FacebookShare on Twitter

Киевте 18 маусымдағы қастандықтан 2 шілдеде қаза тапқан оппозициялық белсенді, журналист Айдос Садықов ертең жерленетін болды. Бұл туралы оның жұбайы Наталья Садықова Facebook әлеуметтік желісінде хабардар етті.

Осы мәліметке қарағанда, марқұмның денесі 5 шілде, жұма күні Қырым мұсылмандары діни басқармасына қарасты Бірлік мешітінен шығарылмақ. Жаназа намазынан соң Айдос Садықов Киевтің Чайголдар ауданындағы мұсылмандар зиратына жерленбек.

Наталья Садықованың жазуынша, марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсімін Айдос араласқан Қырым татарлары атқарады.

«Жауыз Тоқаев режимінің қолынан қаза тапқан қазақ халқының батырымен қоштасуға келіңіздер,»-деп жазған Наталья Садықова.

56 жастағы Киевте тұратын қазақстандық белсенді, «Бәсе» YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовты белгісіз біреулер 18 маусымда көлігінің ішінде атып кеткен. Оқ самайына тиіп, ауруханада ота жасалған. Сол күннен бері жансақтау бөлімінде жатқан ол 2 шілде таң ата жан тапсырды.

Қастандыққа Қазақстанның 2 азаматы күдіктелген. 21 маусымда Украина бас прокурорының кеңсесі ұлттық полиция Жақанбаев пен Қаратаевты Қазақстан билігі жайлы сыни материалдар жариялайтын «Бәсе» YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовқа қастандық жасаған күдіктілер деп атаған. Айдос Садықов хал үстінде жатқанда күдіктінің бірі Алтай Жақанбаев ұсталды. Сонда Қазақстан прокуратурасы екінші күдікті Мейрам Қаратаевтың «орналасқан жерін анықтау үшін» жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын айтқан. Қазақстан ақпарат құралдары Қаратаевтың Қостанай облысында полиция қызметкері болып жұмыс істегенін жазған. Қазақстан ішкі істер министрлігі оны 2019 жылы жұмыстан шығарғанын мәлімдеген.

Украина қауіпсіздік күштерінің мәліметі бойынша, «белгісіз адамнан тапсырыс алған» 33 жастағы Қаратаев пен 36 жастағы Жақанбаев 2 маусымда Киевке барып, жалдамалы пәтерде тұрып, қылмыс жасауға дайындалған. Іс материалдары бойынша, 18 маусымда олар Киевтің Шевченко ауданындағы Садықов тұратын үй маңына барып, ол аулаға көлікпен келгенде тапаншадан оқ атқан. Бұдан соң олар оқиға орнынан кетіп, тапаншаны зообақ маңына тастағаны айтылады.

Украина бас прокуратурасы Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа байланысты күдіктілерге тағылған айыпты «адам өлтіруге оқталу» бабынан кейін «тапсырыс бойынша және топ болып адамды қасана өлтіру» бабына ауыстырған.

Қастандық болған күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жайтқа байланысты дипломаттар мен күштік құрылымдарға тапсырма бергенін, елдің ресми органдары » істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын» екенін мәлімдеген еді. Осыдан кейін Қазақстан бас прокуратурасы арнайы жедел іздестіру тобын құрып, тергеу бастағанын және қылмысты ашып, күдіктілерді ұстау мақсатындағы шараларды қолға алғанын хабарлаған.

Айдос Садықов 2010 жылға дейін сол кездегі «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Ақтөбе филиалының жетекшісі болды. Сол жылы ол бұл партиядан кетіп, «Гастат» аталатын қоғамдық қозғалыс құрды. Ол қозғалыс қытайлық «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясында тәуелсіз кәсіподақтардың құрылуына мұрындық болды. Садықов мұнайшылар құқығының бұзылмауын талап еткен акциялар өткізіп көзге түскен.

Кейін Садықов та елден кетіп, әйелі Наталья Садықова екеуі Киевте тұрған. Олар Украинада босқын мәртебесін алған. Ерлі-зайыптылар 2014 жылы «Бәсе» деп аталатын YouТube-арна ашып, билікті, ондағы жемқорлықты сынайтын видеолар жариялай бастаған.

Қазақстан ерлі-зайыпты Садықовтарға іздеу жариялаған.

Келесі
Жарылыстармен аты шыққан шенеунік бас хатшы болды

Жарылыстармен аты шыққан шенеунік бас хатшы болды

Соңғы жазбалар

ҰҚК Әбілязовқа қатысты аталатын бельгиялық инвесторға іздеу жариялады

ҰҚК Әбілязовқа қатысты аталатын бельгиялық инвесторға іздеу жариялады

22 мая, 2026
1,4 млрд долларлық шағым. Астанадағы сотта Украина компаниясы «Газпромды» жеңді 

1,4 млрд долларлық шағым. Астанадағы сотта Украина компаниясы «Газпромды» жеңді 

21 мая, 2026
«Азаттық» радиосы қазақ қызметінің веб сайты әлі де ашылмай тұр

«Азаттық» радиосы қазақ қызметінің веб сайты әлі де ашылмай тұр

20 мая, 2026
Олжастың 90 жастық мерейтойы ақынның қатысуынсыз өтті

Олжастың 90 жастық мерейтойы ақынның қатысуынсыз өтті

19 мая, 2026
Назарбаевтың туған күніне қарай құрылысы басталған LRT Тоқаевтың туған күні алдында іске қосылды

Назарбаевтың туған күніне қарай құрылысы басталған LRT Тоқаевтың туған күні алдында іске қосылды

16 мая, 2026
ТМҰ-ны тербейтін ұсыныстар айтылды. Президент саяси науқанды да Ясауиге тіреді

ТМҰ-ны тербейтін ұсыныстар айтылды. Президент саяси науқанды да Ясауиге тіреді

15 мая, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.