• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Айдос Садықовтың операциясы. «Самайына тиген оқ миын жанап өткен»

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
19.06.2024
Айдос Садықовтың операциясы. «Самайына тиген оқ миын жанап өткен»

Айдос Садықов

Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстандық оппозициялық белсенді, Youtube желісіндегі «Бәсе» каналының авторы Айдос Садықовқа кеше, 18 маусымда Киевтегі аурухананың біріндегі нейрохирургия бөлімінде жасалған операция екі жарым сағатқа созылған. Бұл туралы Айдос Садықовтың әйелі, журналист Наталья Садықова Азаттыққа берген сұхбатында айтты.

— Оқ самайына тиіп, миын жанап өткен. Кеше жансақтау бөліміне кіріп шықтым, жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер жаман болжам жасап отыр. Бүгінгі түннен аман қалса, тағы бақылаймыз деді. Айдос мен жансақтау бөліміне кіргенде естімеді, бірақ мен одан өлмеуін сұрадым. Мені естіген сияқты, себебі бүгін [19 маусымда] таңертең Киев уақытымен 7-де ауруханаға хабарласқанымда «бүгінгі түннен аман шықты» деп айтты, — деді Садықова.

Садықованың сөзінше, Украина ұлттық полициясының басшысы Иван Выговский жағдайды өз бақылауына алатынын айтқан.

18 маусымда Украина астанасы Киевте белгісіз біреу қазақстандық оппозициялық белсенді, Youtube желісіндегі «Бәсе» каналының авторы Айдос Садықовты үйінің маңында көлігінде отырған кезде атып кеткен. Айдостың қасында болған әйелі Наталья Садықова зардап шекпеген. Украина бас прокуратурасы Қазақстан азаматына «қасақана өлтіру мақсатында қастандық жасау» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалын бастағанын мәлімдеген.

Наталья Садықова Азаттыққа берген сұхбатында «Бәсе» арнасы «Ақорданың тамағына сүйек» болды» дей келе «бұл қастандықтың артында билік тұр деп есептейтінін» жеткізген. Бұл сөздә тәуелсіз тұрғыда тексеру қиын. Қазір тергеу әлі жалғасып жатыр.

Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 19 маусымда Садықовқа қастандыққа қатысты мәлімдеме жасап, дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы «оқыс оқиға бойынша ресми сұратулар жіберуге нақты тапсырма бергенін» айтты. Ол Қазақстанның ресми органдары «қажет болса істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеуге қатысуға дайын екенін» де мәлімдеді.

«Қоғамдағы барлық қарама-қайшылық пен келіспеушілік тек құқықтық тұрғыдан, яғни тиісті заңнамаға және негізгі халықаралық нормаларға сәйкес шешу қажет. Кеше Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа қатысты Киевте болған қылмысқа да дәл осы ұстаным тұрғысынан қараған жөн,»—  деді Тоқаев 19 маусымда Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды марапаттау рәсімінде.

Қазақстаннан кетіп, Украинадан босқын мәртебесін алған Айдос пен Наталья Садықовтар интернетте «Бәсе» каналын жүргізіп, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның төңірегіндегілерді және Назарбаев 2019 жылы 19 наурызда кезекті өкілет мерзімі аяқталмай жатып қызметінен бас тартқан кезде орнына қалдырған қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевты сынайтын видеоларды үнемі жариялап келген. «Бәсе» Youtube-арнасына бір миллионнан астам қолданушы жазылған.

2014 жылы Қазақстан парламентінің экс-депутаты Марат Итеғұловтың шағымы бойынша Наталья Садықованың үстінен қылмыстық іс қозғалған соң ерлі-зайыпты Айдос және Наталья Садықовтар Ақтөбеден Киевке кеткен. Итеғұлов журналист Садықова лақап атпен оппозициялық газетке жазған мақаласында «жала жапты» деп, сотқа арызданған.

Былтыр Қазақстан үкіметі Айдос пен Наталья Садықовтарды «араздық қоздырды» деп айыптап, екеуіне іздеу жариялаған. Айдос Садықов Азаттыққа берген сұхбатында әйелі екеуіне жарияланған іздеудің «саяси астары» барын айтқан. Ерлі-зайыпты Садықовтар 2014 жылдан бері интернетте «Бәсе» арнасын тұрақты түрде жүргізіп, Қазақстан билігін сынайтын видеолар жариялап жүр.

Қазақстан билігі Айдос Садықовтың үстінен бірнеше рет қылмыстық іс қозғаған. 2010 жылы оған «Бұзақылық» бабы бойынша айып тағылып, белсенді екі жылға сотталған. Айдос жазасын қамау мекемесінде өтеп, 2012 жылы бостандыққа шыққан. Садықов пен жақтастары ол істі билік қолдан ұйымдастырды деген еді.

Айдос Садықов 2010 жылға дейін «Азат» жалпыұлттық социал демократиялық партиясының Ақтөбе филиалының жетекшісі болды. Сол жылы ол бұл партиядан шығып, «Гастат» атты қоғамдық қозғалыс құрды. Ол қозғалыс қытайлық «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясында тәуелсіз кәсіподақ ұйымы құрылуына мұрындық болды. Садықов мұнайшылар құқығы бұзылмауын талап еткен акциялар өткізіп көзге түскен.

Садықовтар Украинада «босқын» мәртебесіне ие.

Келесі
«Президент қараған емес». Берік Уәли «Бәсе» арнасын «көптеген адам» енді білді дейді

"Президент қараған емес". Берік Уәли "Бәсе" арнасын "көптеген адам" енді білді дейді

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.