• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЕО-дан Астанаға ескерту. «Санкцияны айналып өтетін елге айналмаңыздар»

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
18.06.2024
ЕО-дан Астанаға ескерту. «Санкцияны айналып өтетін елге айналмаңыздар»
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Астанада Еуропа Одағының санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі Дэвид О ‘ Салливан баспасөз мәслихатында Қазақстан билігімен Ресей санкциялары туралы талқыланғанын айтты. Бұл туралы Ulysmedia хабарлады.

О ‘ Салливан Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғаринмен кездесуіне тоқталған. Айтуынша, Қазақстан қазір күн тәртібінде тұрған бірнеше проблемалық сәттерді өткеріп жатыр. Сондай мәселенің бірі қазақ мұнайы экспортының негізгі бағыты КҚК-ге (Каспий құбыр консорциумы) қатысты болып отыр.

Сондай-ақ, ол бірлескен келіссөздер арқылы ЕАДБ (Еуразия даму банкі) активтерін бұғаттан шешуге қол жеткізілгенін де хабарлады.

«Тағы бір маңызды мәселе Еуразиялық даму банкінің бұғатталған активтері болды. Біз бұл мәселемен жұмыс істедік, осы жұмыстың және бельгиялық әріптестердің көмегінің арқасында біз бұл активтерді бұғаттан босаттық, енді олар Қазақстанда іске асырылатын жобаларға бағытталатын болады», — деді ол.

Дэвид О ‘ Салливан Еуропа Одағының Қазақстаннан Ресейге санкциялық тауарлардың қайта экспортталуына алаңдап отырғанын да айтты.

«Біз қайта экспорттау бағытына алаңдаймыз. Үлкен экспорттың жүріп жатқанын көріп отырмыз. Басынан бастап Қазақстанның санкцияларға қосылмау туралы шешімін құрметтейтініміз жайында ұстанымымыз жарияланды. Бар сұрайтынымыз — бұл G7 елдерінің санкцияларын айналып өтуге мүмкін беретін ел болуға жол бермеу. Біз мұндай жағдай болмайтынына және әскери мақсаттағы бұйымдар Ресейге қайта бағытталмайтынына кепілдік берілгеніне қуаныштымыз», — деп қосты ол.

Еске сала кетейік, 13 маусымда АҚШ Қаржы министрлігінің есебінен кәсіпорындардың санкциялық тізіміне қазақстандық «КБР-Технологиялар” компаниясы енгізілгені белгілі болды. Компания Ресейге жоғары технологиялық жабдықтар мен дрондарды жинауға арналған компоненттерді жеткізген.

12 маусымда KASE акцияларының 13,1 пайызына иелік ететін Мәскеу биржасы АҚШ санкциясына ұшырады. Мәскеу биржасы — Қазақстан қор биржасының (KASE) ірі акционерлерінің бірі.

Келесі
Айдос Садықовтың операциясы. «Самайына тиген оқ миын жанап өткен»

Айдос Садықовтың операциясы. "Самайына тиген оқ миын жанап өткен"

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.