• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әшімбаев сұрақтан жалтарды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
30.05.2024
Әшімбаев сұрақтан жалтарды

АР

Share on FacebookShare on Twitter

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Қазақстан «бейбітшілік саммитіне» қатыса ма?» деген Азаттық радиосының сұрағына нақты жауап бермеді. Ол бұл сауалды сыртқы істер министрлігіне қоюға кеңес берді.

«Бұл мәселеге байланысты сұрақты Қазақстан сыртқы істер министрлігіне қойғаныңыз жөн. Саммит форматы қандай болады, оған кімдер қатысады, кімдерді шақырып жатыр, ол жердегі келіссөздердің негізгі контексі қандай болады, бұл мәселелерге байланысты көбірек ақпарат керек сияқты. Ақпарат болып жатса, бұл сұраққа жауап беруге болады», – деді Әшімбаев 30 мамырда.

Швейцарияда өтетін саммитке Қазақстанның қатысатыны я қатыспайтыны жайлы сұраққа СІМ әзірге жауап берген жоқ.

24 мамырда Украина президенті Владимир Зеленский Харьковте Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстан журналистеріне берген сұхбатында Швейцарияда өтетін «Жаһандық бейбітшілік саммитіне» Орталық Азия басшыларының қатысқанын қалайтынын мәлімдеген.

Швейцария 15-16 маусым күндері өтетін саммитке әлемнің 160-тан астам елі мен халықаралық ұйымдарын шақырған, Зеленскийдің айтуынша, шамамен 80 ел саммитке қатысатынын растаған. Тізімде Ресей президенті Владимир Путин жоқ.

Зеленский Орталық Азия журналистеріне берген сұхбатында «лидерлеріңіз баланс сақтамайды, меніңше, олар Кремльден жасқанады, сол себепті орыстардың ыңғайына жығылады. Бәрі өзгереді деп үміттенем әрі ешкімді жазғырмаймын. Біз өз таңдауымызды жасадық, сол үшін күресіп жатырмыз» деді.

Орталық Азия президенттерінің ешбірі Ресейдің Украинаға ашқан соғысын ашық сынамаған және қолдау да танытпаған. Бірақ БҰҰ қағидаларына сай, Украинаның аумақтық тұтастығы бұзылмауға тиіс деген ұстанымын білдірген.

2022 жылы жазда Санкт-Петербургте өткен экономикалық саммитте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаның шығысындағы Ресей басып алған аумақтардың «тәуелсіздігін» Қазақстан мойындамайды деп мәлімдеген.

Зеленский «бейбітшілік саммитіне» АҚШ пен Қытай басшыларын да шақырды. Осыған дейін Bloomberg агенттігі АҚШ президенті Джо Байден өз сайлау кампаниясына қаражат жинау шарасына қатысатындықтан Швейцариядағы саммитке бармайды деп жазған.

Қытай билігі әзірге Швейцариядағы кездесуге баратынын я бармайтынын жариялаған жоқ. Алайда 23 мамырда Қытай мен Бразилия ортақ мәлімдемесінде бейбітшілік келіссөзіне Киев пен Мәскеудің қатар қатысуы маңызды екенін айтқан. Қытай сыртқы істер министрі Ван И мен Бразилия президентінің бас кеңесшісі Селсу Аморим қол қойған мәлімдемеде мұндай келіссөз «Украина дағдарысын шешудің жалғыз маңызды амалы» деп көрсетілген.

Келесі
Бұрынғы полицей әділдік іздеп бағанға шығып кетті

Бұрынғы полицей әділдік іздеп бағанға шығып кетті

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.