• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қайтарылған қызмет. Тоқаев президент әкімшілігі басшысы бірінші орынбасары неге керек болғанын айтты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
09.01.2025
Қайтарылған қызмет. Тоқаев президент әкімшілігі басшысы бірінші орынбасары неге керек болғанын айтты

Дархан Сатыбалды

Share on FacebookShare on Twitter

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған Дархан Сатыбалдыны қаңтардың 8-інде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының бұған дейін атқарған Түркістан облысындағы әкімдік қызметіне жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.

Дархан Сатыбалды бұл қызметке 6 қаңтада тағайындалған болатын.

Президент әкімшілігі басшысының орынбасары деген қызмет 2023 жылғы 1 қыркүйекте жойылған еді.

Сол кезде президент әкімшілігінің құрылымы өзгерген. Әкімшіліктегі төрт бөлім қысқарып, жаңа құрылымға президент әкімшілігінің басшысы, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, президент кеңсесінің басшысы, президенттің көмекшілері мен кеңесшілері, президент әкімшілігінің бөлімдері қосылған.

Тоқаевтың жарлығына сәйкес, президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары да қызметінен босатылған. Олардың бірқатары кейін президенттің көмекшісі, кеңесшісі болды.

Дархан Сатыбалдыға дейін жойылған қызметте Тимур Сүлейменов отырған еді. Өзгерістен соң ол Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалған. Қазір президент әкімшілігін Айбек Дәдебай басқарады.

Келесі
Мұхтар Мағауиннің толық шығармалар жинағы жарыққа шықты

АҚШ-та жерленеді. Жазушы Мұхтар Мағауин эмиграцияда бақилық болды

Соңғы жазбалар

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

25 июля, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Прокурор Ермек Нарымбаевты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

24 июля, 2026
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Сайлауда сауалнама жүргізетін ұйымдар аталды

22 июля, 2026
Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

20 июля, 2026
ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

145 орындық құрылтай депутаттығына жеті партиядан 546 кандидат ұсынылды

16 июля, 2026
Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

14 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.