• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Дуров ұсталған соң Telegram мәлімдеме жасады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
26.08.2024
Дуров ұсталған соң Telegram мәлімдеме жасады

Павел Дуров

Share on FacebookShare on Twitter

Telegram мессенжері тобы осы платформаның негізін қалаған Павел Дуров Парижде ұсталғаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Мәлімдемеде Telegram компаниясының бас директоры Дуровтың жасыратын түгі жоқ, ол Еуропада жиі саяхаттайды, ал Telegram мессенжері Еуроодақ заңдарын, соның ішінде цифрлық қызметтер туралы заңды сақтайды деп жазылған.

«Бұл платформаны теріс пайдаланғанға платформа я оның иесі жауап береді деу – сандырақ», – деді Telegram тобы.

Дүниежүзіндегі миллиардқа жуық қолданушы Telegram-ды байланыс құралы және маңызды ақпарат көзі ретінде пайдаланады деп мәлімдеді компания.

24 тамыз кешке француз ақпарат құралдары Telegram-ның негізін қалаған Павел Дуров Франциядағы Ле-Бурже әуежайында ұсталды деп хабарлаған. Француз билігі Дуровтан жауап алып, уақытша қамауға алған. Бизнесмен Францияға Әзербайжаннан жеке ұшағымен ұшып барған. Француз билігі әзірге бұл іске байланысты ресми түрде түсініктеме берген жоқ.

Ресейдің ТАСС мемлекеттік ақпарат агенттігі 25 тамызда Париж прокуратурасы Дуров ісіне байланысты 26 тамызда баспасөзге мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр деп жазды. ТАСС мұны прокуратураға сүйеніп хабарлады.

Дереккөздеріне сүйенген France-Presse ақпарат агенттігі Павел Дуров жақын арада сотта жауап береді деп жазды. Агенттік хабарлауынша, Дуровты тұтқындауға Францияның кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстарға қарсы күрес басқармасы (OFMIN) алаяқтық, есірткі саудасы, киберқауіп, ұйымдасқан қылмыс және терроризмді насихаттау сияқты заңсыздықтарды алдын ала тергеуге байланысты ордер берген. Дуровты платформадағы қылмыстық істерге қарсы шара қолданбады деп айыптап отыр. «Telegram-ның жазасыз қалуы тоқтатылсын», – деген France-Presse сөйлескен тергеушілердің бірі. Ол Дуровтың іздеуде екенін біле тұра, Парижге ұшып келгеніне таң қалғанын айтқан.

Дереккөзге сүйенген TF1 арнасының хабарлауынша, Дуров заңсыз есірткі айналымы мен балаларға байланысты қылмыс пен алаяқтықтың көбеюіне ықпал етіп отыр деген күдікке ілінген. Арнаның хабарлауынша, Дуровты тұтқындау туралы ордер бұрын шығып қойған, ол Францияға келгеннен кейін ордер күшіне енген.

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова 25 тамызда «РИА Новости» агенттігіне Ресей Павел Дуровпен байланысуға рұқсат беруді талап етіп нота жіберді, бірақ Париж оның француз азаматтығын алға тартып отыр деді.

Ресейде туған Павел Дуров 2021 жылы Франция азаматтығын алған. Кейінгі жылдары Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрған, Telegram кеңсесі де сол елде орналасқан. Кәсіпкер Ресейден шамамен 10 жыл бұрын кеткен.

Келесі
Санкция салдары. АҚШ Ресейге көмектескен Қазақстандағы фирмаға шара қолданды

Астанадағы компаниялар АҚШ санкциясына ілікті. Бүгін ресми жарияланбақ

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.