• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Жыланбаевтың 10 күннен бері аштық жариялағаны белгілі болды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
01.07.2024
Жыланбаевтың 10 күннен бері аштық жариялағаны белгілі болды
Share on FacebookShare on Twitter

Ақмола облысы Степногорск қаласындағы №4 түрмеде жеті жылдық жазасын өтеп жатқан белсенді, марафоншы Марат Жыланбаев 21 маусымнан бері аштық жариялап жатыр. Азаттықтың хабарлауынша, бұл туралы оның адвокаты мен түрме әкімшілігі хабардар еткен.

Түрме басшылығы Жыланбаевты «қауіпсіздігі үшін» 20 маусымда тәртіптік изоляторға ауыстырған. Ал белсенді 21 маусымнан бастап аштық жариялаған. Мұны Азаттыққа колония басшысы Қанат Тулақов айтты.

Жыланбаев бұған дейін адвокаты арқылы түрмедегі қоқан-лоқыға шағымданған. Белсенді «түрме қызметкерлері басқа сотталушыларды өзіне қарсы қойғанын» мәлімдеген. Түрменің жаңа басшысы Азаттыққа бұл жайтты ішінара растады. Тулақов кеше, 30 маусымда Жыланбаевтан «мекеме қызметкерлерімен жайтқа бола» денсаулығын құртпауды», аштықты тоқтатуды сұраған. Бұған қоса, Тулақов түрмеге жұмысқа жаңа келгенін, жағдаймен толық таныс емесін жеткізді.

Түрме башысы Жыланбаев өзі отырған камераның дымқыл екеніне шағымданып, басқа камераға ауыстыруды сұраған. Тулақов оған түрмедегі кейбір камералардағы жағдай «тіпті нашар екенін» айтқан.

Түрме әкімшілігі Жыланбаев барлық құжатын прокуратураға бергенін мәлімдеді. Тулақов Азаттықтың «Жыланбаевтың түрмеде өміріме қауіп төнді деген шағымына қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр ма?» деген сауалына, «прокуратураға қайырылыңыздар» деп жауапсыз қалдырды.

Түрме басшылығы Марат Жыланбаевтың қазір тек су ішіп жатқанын, дәрігерлердің бақылауында екенін айтты.

Жыланбаевтың адвокаты Мейіржан Досқараев 26 маусымда Степногорскідегі №4 түрмеге барып, белсендімен кездескен. Қорғаушының сөзінше, басқа сотталушылар қоқан-лоқы жасаған соң белсендіні 20 маусымда «Қауіпсіз орын» бағдарламасына сай тәртіптік изоляторға ауыстырған. Жыланбаев бұл шешімге қарсы болып, 21 маусымда аштық жариялауды бастаған

Қорғаушының сөзінше, Жыланбаев аштық ұстамай тұрғанда 68,4 келі болса, 25 маусымдағы салмағы 65,3 келі болған. Жыланбаев «өзін қауіпсіз орынға ауыстырмайынша және санэпидстанция келмейінше аштықты тоқтатпайтынын» мәлімдеген.

Келесі
Айдос Садықовтың операциясы. «Самайына тиген оқ миын жанап өткен»

Қастандықтан 14 күн өткенде. Айдос Садықов опат болды

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.