• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Мемлекетке опасыздық жасады» деген өзбек дипломаты бостандыққа шықты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
15.06.2024
«Мемлекетке опасыздық жасады» деген өзбек дипломаты бостандыққа шықты
Share on FacebookShare on Twitter

Өзбекстанда мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен бес жарым жылға сотталған Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің бұрынғы шенеунігі Қадіржан Юсупов 10 маусымда бостандыққа шықты. Ол енді бір жыл бойы әкімшілік қадағалауда болады. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметі – Озодлик радиосы «Орталық Азиядағы адам құқығы» (AHRCA) қауымдастығының ақпаратына сүйеніп хабарлады.

Юсупов 2020 жылдың қаңтарында Өзбекстанның әскери сотының үкімімен сотталған. Сот процесі жабық өткендіктен, оған нақты қандай айып тағылғаны белгісіз. Бұрынғы дипломаттың ұлдарының бірі әкесінің барлау қызметкерлеріне «Батыс елдерінің мүддесіне тыңшылық жасағанын және олардан ай сайын мың доллар алып тұрғанын мойындағанын» айтқан.

Туыстарының айтуынша, Юсупов әулетінде тұқым қуалайтын шизофрениямен ұзақ ауырған Юсупов жұмыстан айрылып қалам деген қауіппен дертін жасырған. 2018 жылы желтоқсанда дипломат өзіне қол салуға талпынған: оны Ташкенттегі Пушкин метро станциясындағы теміржолдан тауып алған. Көп ұзамай ол тұтқындалған.

2018 жылы Human Rights Watch ұйымы Юсуповты дереу босатуды талап еткен, ал AHRCA және өзге құқық қорғау ұйымдары «Өзбекстан үкіметі Юсуповтың отбасы мүшелеріне кез келген қысым көрсетуді, соның ішінде қорқытып-үркітуді дереу тоқтатуы керек» деп мәлімдеген. Құқық қорғаушылар Юсуповқа тағылған айыптарды «күмәнді» деп атап, «денсаулығында ауыр психикалық кінәраты бар болғандықтан сотқа тартуға болмайтынын» айтқан.

Бұған қоса құқық қорғаушылар Юсупов пен оның отбасы мүшелері азаптауға ұшырап, оларға сексуалдық зорлық жасалатыны туралы қоқан-лоққы көрсетілгені, сонымен бірге Юсуповтың екі ұлын тұтқындаймыз деп бопсалағаны жөнінде сенімді деректерді қолға түсіргенін хабарлаған. Олардың сөзінше, Юсупов тұтқындалғаннан кейін оған адвкат таңдауына рұқсат бермей, қажет дәрі-дәрмек алуына шектеу қойған.

Келесі
Депутат Жаңбыршин төраға Қошановқа неге ұрысып тастады?

Депутат Жаңбыршин төраға Қошановқа неге ұрысып тастады?

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.